АҚШ пен Израиль күннен күнге шектен шығып барады
АҚШ Президенті Дональд Трамп аймақ пен әлемдегі ауқымды қарсылықтарға қарамастан, Құдсты Израильдің астанасы ретінде ресми түрде танитынын жариялады.
АҚШ осындай әрекеті арқылы аймақта жаңа авантюристік әрекеттер жасауды көздеп отыр ма деген сауал туындайды.
Палестина жерінің басып алынғанына 70 жылға жуық уақыт болды. Осы аралықта сионистер ислам елдерінің көп жеріне шабуыл жасап, басып алды. Қазір АҚШ-тың аймақ халықтарына, әсіресе Палестинаның жапа шеккен халқына жолдауы – осы басқыншылықты растату. Әрине, Құдсты Израильдің астанасы ретінде жариялау америкалықтар осыдан бұрын мұндай мақсатқа ие болмады деген сөз емес. АҚШ бұрын да өз елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру тақырыбын орындауға талпыныс жасағанымен, бұл шешімнің орындалуына кейбір жағдайлар кедергі болды. Алайда дәл осы кезеңде алда бірталай қарсылықтар мен түйткілдердің болатындығына қарамастан, Трамптың неліктен бұл тақырыпты жариялағаны ойландырады.
Израильдің аймақтағы ауыр жағдайы мен сионистік режимнің ішіндегі қиыншылықтарға алаңдау АҚШ қайраткерлерінің аймақтағы жаңа өзгерістерді күтуіне себеп болған сияқты. Олар жаңа өзгерісті Израильдің жағдайын тұрақтандыру үшін пайдалануды көздеген сыңайлы. Алайда қазір бұл есептеме қате болып шықты. ДАИШ Сирия мен Иракта жеңіліс тапты. Сауд Арабиясының Йеменге шабуыл жасау жоспары тиісті мақсаттарға жете алмады.
Қазір Израильдің жағдайы әлсіз. Олар аймақтық саясаттарда қатты соққы көріп, түйткілге ұшырап отыр. Осындай қысылтаяң шақта Трамп ислам елдері арасындағы қарама-қайшылықтарды көбейтуге күш салып жатыр. Нетаньяхудың бірнеше күн бұрынғы сөздері және Израильдің кейбір араб елдері, әсіресе Сауд Арабиясымен байланыста екенін жариялауы осы үдерісті сараптауда өте маңызды.
Бұл жағдайда жаңа дағдарыстың басталуы аймақта жаңа қайшылықтар тудырып, АҚШ пен Израиль Палестина мәселесін түбегейлі түрде өз пайдасына шеше алады. Бұл басқыншылық шын мәнінде Таяу Шығыстың жаңа картасындағы бір бөлшек болады.
Тәжірибе көрсеткендей, Палестина мәселесі ислам әлемінің басты мәселесі ретінде ауызша айыптаулардан көбірек шаралардың орындалуын қажет етеді. Әлемдік қауымдастықта осы басқыншылықтар мен аталмыш сұрқия жоспардың мән-мағынасы әшкереленіп, Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырыстарын өткізу арқылы АҚШ-тың Құдс жайлы шешімінің барша мұсылмандардың құқығына қол сұғу болып табылатыны көрсетілуі тиіс. Алайда, мұндай әрекет шығынсыз болмайды.