Трамптың басып алынған Құдсқа қатысты сындарсыз шешімін халықаралық құқықтар тұрғысынан сараптау
Дональд Трамптың басып алынған Құдсты сионисттік режимнің жаңа астанасы ретінде жариялау туралы шешімінің қандай салдарларға соқтыратындығына қарамастан, бұл шешімді халықаралық құқықтар тұрғысынан қарастыру аса маңызды.
Дональд Трамптың шешімі халықаралық құқықтар мен әлемдік жүйеге билік етіп отырған америкалық жүйеге ашық түрде қайшы келеді. Шынтуайтында, АҚШ қазіргі әлемдік жүйенің құрылымында негізгі рөлді атқарып келді. Енді АҚШ-тың қазіргі президенті тіпті қолдан жасалған жүйені де қабылдамай отыр. Осыған байланысты франциялық Le Monde газеті бейсенбі желтоқсанның жетісі күні Трамптың Құдсқа қатысты шешіміне реакция білдірген бас мақаласында Дональд Трамптың ең жақын серіктестерінің пікіріне қарсы біржақты шешім қабылдаумен шектеліп қалмайтынын айтып: "АҚШ Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін құрған халықаралық қатынастар жүйесін жойды",- деп жазды.
Тағы бір айта кететін жайт, Дональд Трамп өзінің бұл шешімімен басып алынған Құдсқа қатысты қабылданған халықаралық заңдарды, соның ішінде БҰҰ Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі 1967 жылғы соғыстан кейін №242 қарарды қабылдады. Бұл қарарға сәйкес, соғыс кезінде Сирияның Голан жоталары, Газа секторы мен Құдс Шәріпті қамтитын Йордан өзенінің батыс жағалауынан тұратын жерлер басып алынған аймақ саналып, Израиль режимі ол аймақтардан артқа шегінуі тиіс еді. Қазіргі таңға дейін Израиль бұл аймақтардан артқа шегінбеуімен қоса, енді Трамп осы қарарды бұзып, Құдсты Израильге сыйға тартып отыр. БҰҰ Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесі тіпті соңғы жылдардың ішінде бірқатар қарар қабылдау арқылы Құдстың шығыс бөлігін палестиналықтарға тиесілі етті. 2015 жылдың қараша айында БҰҰ Бас ассамблеясында Израильге қарсы алты қарар бекітілді. Сол қарарлардың бірінде әлем мемлекеттері ресми түрде Израильдің қалашықтар салу үдерісін заңсыз танып, осы саладағы кез келген әрекетке қатысты, соның ішінде палестиналықтардың Бейт ул-Мұқаддасқа кіріп-шығуын шектеуге, Бейт ул-Мұқаддасты Палестинаның басқа аймақтарынан оқшаулауға қатысты алаңдаушылық білдіріп, Израильдің Бейт ул-Мұқаддасқа қатысты барлық әрекетін заңсыз деп атады.
Трамптың шешімі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қалашықтар салуды айыптауға қатысты қабылданған №2231 қарарын әшкере түрде бұзу болып табылады. Дональд Трамп бұл шешімімен Израильге басып алынған Құдста жаңа қалашықтар салуға рұқсат беріп қана қоймай, сондай-ақ Израильдің қалашықтар салу әрекетін түбегейлі түрде заңды деп таныды. Ал сионистік режимнің министрлер кабинеті Трамптың шешімінен кейін кідірместен басып алынған Құдста 14 000 жаңа үй салу туралы қаулы бекітті.
Франциялық Le Monde газетінің бас мақаласында: "Трамп өз сөзінде Құдсты Израильдің астанасы екенін ақиқат деп атап, Құдстың шығыс бөлігіне Палестинаның астанасы ретінде мүлдем сілтеме жасамады. Мұндай логикаға сәйкес, басып алынған жерлердегі еврейлік қалашықтар ақиқат саналады. Трамптың сыртқы саясатында халықаралық құқық деген ұғымға орын жоқ.