Түркия үкіметінің қайраткері Ресеймен байланыстарының жақсаруына үміт білдірді
Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Ресеймен байланыстарының жақында жақсаруына үміт білдірді.
Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Наджи Кору кеше Анкарада өткен форумда Ресейдің «Су» ұшағының Түркия қырғи ұшақтары тарапынан құлатылуынан кейін Анкара-Мәскеу байланысында орын алған дағдарысқа тоқталып: «Біз Ресейге қатысты өзіміздің принципті саясатымызды одан әрі жалғастырамыз. Екі ел өз мүдделері бойынша тиісті шараларды атқаруы керек деп санаймыз. Біз ешқашан өз ұлттық мүддемізден бас тартпаймыз» деді.
Наджи Кору сондай-ақ Түркия азаматтарының еуропалық елдерге сапарында маусым айынан виза тәртібінің күші жойылуы ықтималдығын мәлімдеп: «Еуропа Одағы осы мәселе бойынша 27 шарт қойған болатын. Солардың жартысы жүзеге асырылды. Қалған жартысы да алдағы күндері жүзеге асырылатын болады» деді.