АҚШ Иранға қарсы теріс үгіт-насихат жұмыстарын бастады
https://itolqyn.com/news/world-i33003-АҚШ_Иранға_қарсы_теріс_үгіт_насихат_жұмыстарын_бастады
БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі "ирандық зымырандардың сынығы" деп уәжденген бөлшекті көрсетіп, Иранға қарсы теріс үгіт-насихат жұмыстарын бастады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 15, 2017 23:18 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға қарсы теріс үгіт-насихат жұмыстарын бастады

БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі "ирандық зымырандардың сынығы" деп уәжденген бөлшекті көрсетіп, Иранға қарсы теріс үгіт-насихат жұмыстарын бастады.

Никки Хейли бейсенбі күні кешке ИИР Йемен армиясы мен халықтық комитеттеріне қару жіберді деген уәж айтып, Иранды халықаралық келісімдерді бұзушы деп айыптады.

БҰҰ-дағы АҚШ өкілі Вашингтонның Сауд режимінің Йеменге қарсы шабуылдарына жан-жақты қолдау көрсетіп, бұл елдің мазлұм халқын бомбалау үшін миллиардтаған долларға қару сатуына тоқталмай, Иранды аймақтағы тұрақсыздық үшін жауапты деп атады.

БҰҰ баспасөз хатшысының орынбасары  Фархад Хақ: "Йемендік күштердің Сауд Арабиясына қарсы атқан зымырандардың  Иранда жасалғанын дәлелдейтін ешбір мәлімет жоқ",- деп қуаттады.