Трамп Таяу Шығыс мәселесіне қатысты сергелдең күй кешуде
(last modified Sun, 17 Dec 2017 15:00:40 GMT )
Жел 17, 2017 21:00 Asia/Almaty
  • Трамп Таяу Шығыс мәселесіне қатысты сергелдең күй кешуде

Америкалықтардың Таяу Шығыстағы саясаттарынан әрдайым теріс пиғыл байқалады. АҚШ Президенттерінің әрқайсысы аймаққа келіп-кетіп, "әлемнің осы маңызды аймағында демократия орнатуды көздейміз" дегенімен бұл ел әсіресе соңғы жылдарда осы маңызды аймаққа текетірес пен үрей тудырып, бүлік шығарып, бүлдіргеннен басқа ешқандай жетістік әкелмеді.

Қазір бұл мәселені бұрынғыдан бетер айқындай түсетін нәрсе – АҚШ Президентінің сөздері. Ол АҚШ-тың Таяу Шығысқа қатысты саясатын ашық түрде мойындап отыр. Бұл мәселе не алдын ала белгіленген миссия болып табылады, немесе ол саясат саласында ешқандай тәжірибесі болмағандықтан осылай сөйлейді. Мұндай саясаттың үлгісі Сауд Арабиясына қатысты.  АҚШ Президенті бұл елді соңғы тамшысына дейін сүтін сауып алып, сүті таусылғаннан кейін құрбандыққа шалып, етін жеуге болатын сүтті сиырға теңеді.  Бұл – АҚШ-тың өткен жылдарда Таяу Шығыста жүргізген саясатының ашық сипаттамасы. 

АҚШ-тың ақпарат құралдары бұл ел үкіметінің де, Трамптың өзінің де барлық уәждеріне қарамастан, Таяу Шығысқа қатысты нақты саясаты мен дұрыс стратегиясының жоқтығын, олардың тек АҚШ-тың мүддесін сақтап қалуға көңіл бөліп отырғанын мойындады.

"Вашингтон Пост" газеті жуырда осы тақырыпқа қатысты мақалада "Трампта Таяу Шығысқа қатысты ешқандай саясат жоқ" деп жазды.

Трамп билік басына келген 9 ай барысында АҚШ-тың сыртқы саясаты бірнеше кедергімен қатар жүрді. Соның қатарына Сирияға біржақты негізде шабуыл жасауы, Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін растамауы және Құдсты Израильдің астанасы деп тануы жатады. Мұндай саясаттардың АҚШ үшін нәтижесі аймақта бұл елге қарсы жаңа коалициялардың пайда болуы мен әлемнің беделді елдерінің, тіпті АҚШ-тың одақтастарының бұл елге сенімінің төмендеуі болды.

Химиялық қаруларды пайдаланды деген сылтаумен Сирияға біржақты негізде шабуыл жасауы, Еуроодақ пен Конгресс Иранға қарсы шаралар қолданады деген үмітпен Иранның «Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін растамауы АҚШ-тың өткен бір жыл ішінде Таяу Шығыста жүргізген саясаттарының қатарына жатады. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы бұл ел елшілігінің біраз жылға дейін Құдсқа көшірілмейтінін жариялаған жағдайда АҚШ Президентінің Құдсты Израильдің астанасы деп ресми түрде танығанын жариялауы бұл елдің саясатында ауызбіршіліктің жоқтығын бұрынғыдан бетер айқындай түсті.

"Вашингтон Пост" америкалық газетінің көзқарасы бойынша, Трамп үкіметінің сыртқы саясаты аймақта тұрақсыздық тудырып, Таяу Шығыста «АҚШ-Израиль» емес, «Ресей-Иран» коалициясының пайда болуына әкеліп соқтырды.

АҚШ-тың Түркиядағы бұрынғы елшісі Эрик Эдельмен Сенат палатасындағы Қарулы күштер комитетінде есеп беріп, сенаторларға Трамптың саясаттары жайында баяндап: "Дональд Трамптың аймақтағы саясаты дәл осы уақытқа дейін әртүрлі сөздерге негізделгенімен, шын мәнінде АҚШ-тың бұрынғы Президентінің саясаттарының жалғасы болып отыр",-деді.

Көптеген саяси сарапшылар бүгінде АҚШ-тың Таяу Шығыстағы мүдделеріне бір-бірімен астасып жатқан екі негізгі қауіп төніп отыр деп санайды. Олардың бірі – Иранның аймақта күн сайын артып келе жатқан абырой-айбыны, екіншісі – экстремизм және АҚШ-тың оларға көмектесуі. Экстремизм аймақта көптеген дағдарыс тудырды. Алайда Трамп АҚШ-тың Президенті ретінде бұл қатерлердің байыбына бара алмай отыр. Оның командасы АҚШ Президентіне аймақтағы жағдайдың төтенше екенін жеткізе алмады.

Қорыта айтқанда Дональд Трамптың сыртқы саясаты аймақта текетірестерді күн сайын арттырып, үлкен соғыстың туындауына себеп болады деп айтуға болады. Бұл саясат әртүрлі елдерді пайдалану арқылы Иранның ықпалын бақылауға алуға талпыныс жасап жатыр. Бұл үкіметтің өзі тікелей әскер кіргізіп, экономикалық және технологиялық санкциялар салу арқылы Иранға қарсы әрекет жасай алады. Ондай жағдайда аймақтағы бейбітшілік терең дағдарыстарға ұшырайды. Аймақ елдерінің кез келген стратегиялық қателігі Таяу Шығыста ауқымды соғыстың туындауына соқтырады. Құдсты Израильдің астанасы деп жариялағаннан кейінгі жағдай Трамп командасы ойлағаннан әлдеқайда күрделеніп кетті.