АҚШ-ның күш-қуатын жандандыру жолындағы Трамптың талпыныстары
АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік туралы стратегиясы құжатының жариялануымен тұспа-тұс Трамп бұл стратегияны алға ілгерілету саласындағы үкіметтің басты мәселелерін жариялады.
АҚШ Президенті ұлттық қорғаныс, экстремистік идеологиялармен қарсыласу, елді экономикалық тұрғыдан дамыту, күш арқылы бейбітшілікті қорғау және АҚШ-тың әлемдегі ықпалын арттыруды өз үкіметінің ұлттық қауіпсіздік стратегиясының маңызды негіздері деп атады. Ол сондай-ақ, сайлау науқаны кезіндегіндей тағы да АҚШ-тың бұрынғы үкіметін дәрменсіздікпен айыптап, АҚШ-тың жағымсыз жағдайы 2017 жылдың қаңтар айының 20-нан, яғни, өзінің Ақ үйге аяқ басуынан бастап өзгерді деген уәж айтты. Трамп тағы да "Бірінші – АҚШ!" деген ұранын қуаттап, үкіметінің ішкі және сыртқы саясатқа қатысты барлық шешімдерінің осы ұранға сай болатынын мәлімдеді. Трамп өз сөзінде Иран мен Солтүстік Кореяны дұшпан, Ресей мен Қытайды бәсекелестері ретінде жариялады.
Трамптың бұл жолғы сөзі мен 68 беттік АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік туралы стратегиясы туралы құжат пен оның бұрынғы сөздері мен аталмыш стратегияның бұрынғы құжаттарының арасында онша өзгеріс байқалмады. АҚШ өзін әлемге билік жүргізу рұқсатына ие үкімет сынды көрсетіп, өз құндылықтарын басқаларға таңғысы келеді. АҚШ-тың қазіргі және бұрынғы басшыларының идеологиясында бұл мемлекет – жақсылық, бейбітшілік және адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан, АҚШ-тың артықшылығын қабылдамаған кез келген мемлекет пен кез келген идеология экономикалық және әскери жазаларға тап болады. Трамптың АҚШ-тың қазіргі жағдайын оң етіп көрсету талпыныстарына қайшы бұл мемлекет көптеген қиындықтармен кезігіп отыр. Кедейшілік АҚШ-та алаңдатарлық деңгейге жетті. Күннен күнге тұтынушылық көңіл-күйдің артуы елдің экономикасын әлсіретіп, өткен ғасырдың ортасында ең көп несие беруші болған АҚШ-ты қазіргі ғасырдың басында әлемнің ең үлкен қарыздар мемлекетіне айналдырды. Сондай-ақ, әлемнің әртүрлі аймақтарына әскери тұрғыдан араласу АҚШ-тың ішкі күш-қуатының арту үдерісін тоқырауға тіреп, басқа елдердің АҚШ-қа жиіркеніш білдіруіне себеп болды. АҚШ-тың әлемдегі оқшаулануының жуырдағы мысалы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 14 мүшесінің Трамптың Құдсты Израильдің астанасы деп ресми тану шешімін айыптауы болды. Трамптың сөзіне қайшы АҚШ-тың қазіргі үкіметі өткен үкіметтердің қателіктерін қайталауда.
Американың азаматтық азаттық одағының ұлттық қауіпсіздік жобасының директоры Хина Шамси Трамптың сөзі мен АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясын сынап: "Бұл құжатқа шынайы назар аударудың қажеті жоқ. Өйткені, күн сайын Трамп үкіметінің ұлттық қауіпсіздікті сылтауратып, заң бұзушылықтарына куә болудамыз",- деді.