АҚШ халқының жартысы Трамптың Құдсқа қатысты соңғы шешіміне қарсы
(last modified Sun, 24 Dec 2017 10:47:07 GMT )
Жел 24, 2017 16:47 Asia/Almaty
  • АҚШ халқының жартысы Трамптың Құдсқа қатысты соңғы шешіміне қарсы

АҚШ халқының үштен екісі бір сауалнамада АҚШ-тың Палестина мен Израиль режимі мәселесінде сионистерді жақтамауы қажеттігін қуаттады.

CNN телеарнасының хабарлауы бойынша, АҚШ халқының 49 пайызы елдің елшілігінің Тель-Авивтен Құдсқа көшірілуіне қарсы.

Осы сауалнама бойынша халықтың 45 пайызы Дональд Трамптың Бейт ул-Мұқаддасты Израильдің астанасы ретінде ресми тану шешіміне қарсы.

Сауалнама 14-17 желтоқсан аралығында 1001 адамның қатысуымен жүргізілді.

Дональд Трамп 6 желтоқсанда Ақ үйде сөйлеген сөзінде Құдсты Израильдің астанасы ретінде ресми танып, АҚШ-тың Мемлекеттік Департаментіне елінің елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруге дайындықты бастауға бұйрық берді.