Трамп жұма күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы шешімін жариялайды
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы сейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың жұма күні Иранға қарсы санкцияларды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына сай тоқтатыны немесе жалғастыратыны туралы шешімін жариялайтынын хабарлады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша Дэвид Гольдештейн: "Трамп шешімін жариялаған соң АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон және Қорғаныс министрі Джеймс Митспен кездесіп, сөйлеседі.
Осы уақытқа дейін Иранның ядролық санкцияларын тоқтату туралы екі рет қол қойған Трамп енді жұма күні үшінші рет аталмыш мәселеге қатысты жауап беруі керек. Егер Трамп Иранның ядролық санкцияларын тоқтатпаса, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан іс жүзінде шығады.
Еуроодақтың баспасөз хатшысы Катрин Рей сейсенбі күні Одақтың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдап, оны іске асыруды жалғастыратынын қуаттап: "Иран мен "алтылық" тобының ядролық келісімін сақтау керек",- деді.