Трамп Солтүстік Корея басшысымен сұхбаттасуға дайын
(last modified Thu, 11 Jan 2018 14:59:06 GMT )
Қаң 11, 2018 20:59 Asia/Almaty
  • Трамп Солтүстік Корея басшысымен сұхбаттасуға дайын

АҚШ Президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысымен сұхбаттасуға дайын екенін мәлімдеді.

"Fars" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Оңтүстік Кореяның кейбір ақпарат құралдары Трамп пен осы елдің Президенті Мун Чжэ Иннің телефон арқылы сұхбатын жариялап, АҚШ Президентінің Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен келіссөздер өткізуге дайын екенін хабарлады.

Дональд Трамп сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяның Президенті Мун Чжэ Инмен телефон арқылы жарты сағаттай сөйлесіп, екі Корея мемлекетінің келіссөздері және Солтүстік Кореяның қысқы олимпиада ойындарына қатысуы туралы кеңесті.