Трамп "Ортақ қадам" бағдарламасын қабылдады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ядролық санкцияларды күшіне енгізуді тағы кейінге қалдырды.
"Алтылық тобының", әсіресе АҚШ-тың Иранмен жасаған келісіміне сәйкес, Иранның ядролық саладағы белсенділігі сылтауымен жарияланған санкциялардың барлығы Теһран "Ортақ қадам" негізіндегі өз міндеттемелерін орындап жатқанға дейін санкцияны күшіне енгізген мемлекеттер мен ұйымдар тарапынан жойылып, немесе кейінге қалдырылуы тиіс. Сол себепті, екі жылдан бері АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі үкіметтері Конгрес тарапынан Иранға салынған ядролық санкцияларды күшіне енгізуді кейінге қалдырып келді. Алайда, соңғы айларда америкалық басшылар кейбір ақпарат құралдарымен бірге санкцияларды күшіне енгізуді кейінге қалдыруға қатысты күдік-күмән қалыптастырған болатын. Алайда бұл жолы да Трамптың шу көтеруіне қарамастан, "Ортақ қадам" келісімі негізіндегі міндеттемелеріне сәйкес санкцияларды күшіне енгізуді кейінге қалдырды. Бірақ, АҚШ президенті мұндай әрекетке соңғы рет барғанын айтып, қоқан-лоққы жасады. Трамп Еуропаға қоқан-лоққы жасап: "Егер Иранмен арадағы ядролық келісімге өзгерістер енгізілмейтін болса, АҚШ 4 айдан кейін Иранға қарсы санкцияларды күшіне енгізуді кейінге қалдырмай, ресми түрде "Ортақ қадам" келісімінен шығады.
Ядролық келісімге Иранның зымырандық бағдарламаларын енгізіп, Иранға қарсы ядролық саладағы шектеулерді тұрақтандыру – АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен шықпауының шарты",- деп қуаттады. Бұл іс аталмыш келісім Иран және Ұлыбритания, Франция, Германия секілді үш еуропалық ел мен АҚШ, Ресей және Қытай секілді елдермен жасалған жағдайда орын алып отыр. Басқаша айтқанда, тіпті Еуропаның Трамптың ашкөздіктерімен бағыттас болып, олармен келіскенін назарға алатын болсақ, "Ортақ қадамға" өзгеріс енгізу мақсатында қайтадан келіссөздерді бастау үшін Иран, Ресей мен Қытайдың келісімі қажет. Осы үш ел Иранның ядролық әрекеттеріне қатысты қайта келіссөз жүргізуден бас тартатындықтарын бірнеше рет мәлімдеген болатын. Еуропа одағы да Трамптың соңғы әрекетінен кейін: "Біз "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық әрі тиімді түрде жүзеге асыруды жалғастыруға табандылық танытамыз",- деп мәлімдеді.
Сондықтан, 4 айдан кейін де АҚШ үкіметінің "Ортақ қадам" мазмұнына өзгеріс енгізу туралы өтініші жүзеге аспайтын секілді көрінеді. АҚШ үкіметі не өзінің қазіргі ұстанымынан бас тартуы тиіс, немесе Трамп "Ортақ қадамнан" шығатыны туралы қоқан-лоққысын жүзеге асыруы тиіс. АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуы мен "Ортақ қадам" келісімінің жойылуы ИИР-ның осы келісімге сәйкес міндеттемелерін жою деген мағынаны білдіретін жағдайда орын алып отыр. Теһранның жоғары деңгейлі басшылары Иранның өте қысқа мерзім ішінде "Ортақ қадамға" дейінгі кезеңдерге қайта оралуға дайын екенін және бейбіт ядролық әрекеттерінің сан мен сапа тұрғысынан бұрынғы кезеңдерден да асып түсетінін бірнеше рет мәлімдеген болатын. Дәл осы ескертулер де Трамптың дау-жанжал тудырып, АҚШ Конгресі мен Еуропа одағына ескерту жасауына қарамастан, Америка тарихындағы «ең нашар келісімнен» шығудан бас тартуына себеп болды.