Трамптың алдында кері шегіну Еуропа құдіретінің әлсірегенін көрсетеді
Шындық – біз ойлағанға керісінше, Трамптың ядролық келісімнен шығуы Иранға қысым жасау мақсатында жасалған жөнсіз әрекет қана емес.
Дональд Трамптың жұма күні кешке «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына шарт қойып, Ақ үйдің осы келісімді растайтын келесі кезеңде ядролық келісімнен шығатыны туралы қоқан‑лоққы жасауы Дональд Трамптың көпжақты халықаралық келісімдердің болмысын дұрыс түсінбейтінін және өзін халықаралық құқық аясына қоя алмайтынын көрсетеді.
Шындық – біз ойлағанға керісінше, Трамптың ядролық келісімнен шығуы Иранға қысым жасау мақсатында жасалған жөнсіз әрекет қана емес.
Иран да аталмыш келісімге қол қойған басқа алты ел сияқты осы келісімнің тараптарының бірі. Сондықтан Трамптың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығуы Теһранмен қоса, барлық елдерге – үш еуропалық ел мен Қытай және Ресейге де қоқан‑лоққы жасап, оларды беделден айырады.
Сол себепті Трамптың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы туралы пікірін жариялауынан бірнеше сағат бұрын Еуропа басшылары АҚШ Президентіне біржақты негізде бір маңызды халықаралық келісімнен шыға алмайтынын ескертуге талпыныс жасады. Соған қарамастан Трамптың алдағы алты айда ядролық келісімнен шығатыны туралы қоқан‑лоққы жасағанының өзі еуропалық, америкалық, тіпті азиялық банктар мен қаржы институттарының Теһранмен сауда жасау қаупін қабылдамауына, соның салдарынан Иран халқына ядролық келісімнен өте аз пайда тиюіне жеткілікті болып отыр.
Бұл шектеулер АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларымен бірге «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасының Трамп тарапынан әлсіретілгенінің белгісі болып табылады. Алайда, бұл тек Теһранды ғана тығырыққа тірейтін шара емес, «алтылық» елдеріне бір қыңыр ел мен оның ырыққа көнбейтін басшысы алдында өздерінің дауысы, қолы мен халықаралық беделін қорғай алмайтынын көрсетіп отыр.
Ақ үйдің алғашқы келіссөздерден мерейі үстем болып шықпағанын көріп отырған жағдайда Еуропа елдерінің Трампты ауыздықтау мақсатында Теһранды келіссөздердің жаңа кезеңін өткізуге көндіру үшін қысым жасауында еш мән жоқ. Көпжақты ойындардың қисыны көрсеткендей, екі ойыншы бұрынғы ойында алдын ала белгіленген мақсаттарға қол жеткізілген кезде ғана жаңа бір ойынға аяқ басады. Ал «алтылық» елдері Трамптың сылтау іздеуі себебінен осы күнге дейін «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы ойынын орындауда сәтті әрекет етпеді. Сондықтан Теһраннан аймақтық мәселелер жөнінде де, зымырандық тақырып бойынша да олармен дипломатиялық ойынның жаңа бір кезеңіне аяқ басуын күте алмайды.
Еуропалықтар, Ресей мен Қытай мына шындықты қабылдауы керек: Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына қарсы ұстанымы тек АҚШ-ты ғана емес, барлық «алтылық» елдерін де қамтиды. Сондықтан бұл бес ел не АҚШ Президентіне қарсы тұрып, Иранмен ядролық келісімді қорғауы тиіс, немесе өзінің халықаралық беделінен айырылатындығына көнуі керек.
Қоғамдық пікір «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына қол қойған бес елдің, әсіресе Дональд Трамптың еуропалық одақтастарының табандылық деңгейін көргісі келеді. Бұл жасыл құрлық үшін Вашингтон алдындағы өзінің тәуелсіздігін қорғауға берілген мүмкіндік болып отыр. Егер бұл мұрсат қолдан кетсе, бұрын әлемге жетекшілік етеміз деп уәж айтқан еуропалық алпауыттар үшін өте ауыр тиіп, әлем бір полюсті басқарудың жаңа түріне қарай қадам басатын болады. Мұның Еуропа, Ресей мен Қытай үшін зияны Вашингтонмен экономикалық байланыстардың қазіргі деңгейінен әлдеқайда көп болады.