Ресейлік қайраткер АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына байланысты Еуроодаққа қысым көрсетуін сынады
Ресей Думасының Халықаралық істер жөніндегі комитеті басшысының орынбасары АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына байланысты Еуроодаққа қысым көрсетуін сынап: "Еуропалық мемлекеттер АҚШ Президентінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты уәждерін бірлесіп сараптауға талпыныс жасауда",- деді.
Ресей Думасының Халықаралық істер жөніндегі комитеті басшысының орынбасары Дмитрий Новиков «Новости» агенттігіне берген сұхбатында: "Еуропа Одағы АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иран туралы сөздерін сараптап, оның ядролық келісімге қатысты ұстанымы және келісімге өзгеріс енгізу қажет деген шешімімен келісуі екіталай. Еуропа бір жақтан АҚШ-ның қысымдарынан шаршады, басқа жақтан АҚШ-ның сыртқы саясатымен тығыз байланысты НАТО ұйымына тәуелді. Нәтижесінде Еуроодақтың Вашингтонның Иран туралы ұстанымын қолдап, Трамптың ядролық келісімге өзгерістер енгізу талабына келісуге мәжбүр болатыны неғайбіл",- деді.