Трамп заңсыз жыныстық қатынаста болғанын жасыру үшін 100 әйелге ауызбастырық берген
https://itolqyn.com/news/world-i33921
Ақ үйдің бұрынғы стратегі Стив Бэннон АҚШ президенті Дональд Трамп адвокаттарының 100 әйелге онымен заңсыз қатынастары жайлы құпияны жасыру үшін ауызбастырық бергенін әшкере етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 15, 2018 15:22 Asia/Almaty
  • Трамп заңсыз жыныстық қатынаста болғанын жасыру үшін 100 әйелге ауызбастырық берген

Ақ үйдің бұрынғы стратегі Стив Бэннон АҚШ президенті Дональд Трамп адвокаттарының 100 әйелге онымен заңсыз қатынастары жайлы құпияны жасыру үшін ауызбастырық бергенін әшкере етті.

Британиялық The Daily Mail газетінің жазуынша, АҚШ президентінің бір актрисамен заңсыз қатынасы әшкере болмас үшін оған 130 000 доллар көлемінде пара бергені туралы хабар таралғаннан кейін Ақ үйдің қызметкерлері штабының бұрынғы басшысы Стив Бэннон: "Трамптың адвокаттары онымен заңсыз жыныстық қатынаста болған 100 әйелге ақша берген. 2016 жылғы президенттік сайлау бәсекелестігі кезінде осы мәселені әшкере етпес үшін 130 000 доллар көлемінде ауызбастырық алған әйел мұндай пара алған жалғыз әйел емес",- деді.

Америкалық The Wall Street журналы жуырда: "Трамптың адвокаты 2016 жылғы президенттік сайлау қарсаңында порнографиялық фильмдердің актрисасына Трамппен 2006 жылғы жыныстық қатынастарын әшкере етпес үшін 130 000 доллар ақша берген. Бұл Трамп 2005 жылы қазіргі жұбайы Мелания Трамппен үйленген жағдайда орын алған",- деп жазды.