Флорида штатында мигранттар АҚШ Президентіне қарсы шеру өткізді
https://itolqyn.com/news/world-i33969
Гаити мигранттары мен АҚШ-тағы олардың қолдаушылары осы ел Президентінің қорлаушы сөздеріне наразылық ретінде Флорида штатында шеруге шықты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 16, 2018 22:46 Asia/Almaty
  • Флорида штатында мигранттар АҚШ Президентіне қарсы шеру өткізді

Гаити мигранттары мен АҚШ-тағы олардың қолдаушылары осы ел Президентінің қорлаушы сөздеріне наразылық ретінде Флорида штатында шеруге шықты.

Жүздеген адам АҚШ Президенті Дональд Трамптың Африка елдерінен келген мигранттарға қарсы тұрпайы сөздеріне наразылық білдіріп, оның Флорида штатындағы резиденциясы алдында шеру өткізді.

Гаитилік-америкалық шерушілер мен олардың қолдаушылары қолдарына Гаитидің туын ұстап шығып, АҚШ Президентіне қарсы ұрандатып, Трамптың кешірім сұрауын талап етті.