АҚШ Иранға қарсы дұшпандық уәждерін қайталауда
АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі АҚШ-тың Иран Ислам Республикасына қарсы дұшпандық ұстанымдарын қайталап, Теһранның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ядролық бағдарламаға қатысты қарарларын тағы бұзды деген уәж айтты.
БҰҰ-ның интернеттегі ақпарат торабының хабарлауынша, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли бейсенбі күні өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: "Иранның Қауіпсіздік кеңесінің ядролық бағдарламаға қатысты қарарларын бұзу әрекеттеріне жауап қайтару керек. Бірақ бұл әрекеттер ядролық келісімді бұзу деген мағынаны білдірмейді. АҚШ бұрынғысынша "Ортақ қадам" бағдарламасына берік",- деп мәлімдеді.
Никки Хейлидің "Ортақ қадам" бағдарламасының ИИР тарапынан бұзылу жайлы уәждері Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі осы уақытқа дейін Иранның "Ортақ қадам" келісіміне беріктігін 9 рет растаған жағдайда айтылып отыр.