Иран: АҚШ-тың басқыншылығынан кейін Ауғанстан қауіпсіз елге айналған жоқ
(last modified Sat, 20 Jan 2018 09:35:21 GMT )
Қаң 20, 2018 15:35 Asia/Almaty
  • 
Иран: АҚШ-тың басқыншылығынан кейін Ауғанстан қауіпсіз елге айналған жоқ

ИИР-дың БҰҰ-дағы өкілінің орынбасары: "Ауғанстан мен жалпы аймаққа жасаған басқыншылық қауіпсіздік жағдайын жақсартпағанымен қатар, керісінше, қауіпсіздікті бұрынғыдан бетер нашарлата түсті",- деді.

ИИР-дың БҰҰ-дағы өкілінің орынбасары Исхақ Але Хабиб жұма күні Қауіпсіздік кеңесінің "Ауғанстан мен Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастығы – қауіпсіздік пен даму байланысының үлгісі" тақырыбына арналған отырыста қауіпсіздік пен даму арасындағы байланысты баса айтып: "Иранның көзқарасы бойынша, Ауғанстан бәсекелестік емес, халықаралық ынтымақтастықтың мекеніне айналуы тиіс. Барлық аймақ елдері мен халықаралық қауымдастық осы мұрсатты пайдалануы керек.

Барлық мемлекеттер инфрақұрылым, сауда, инвестиция салу, тасымал мен транзит секілді салалардағы өздерінің әріптестіктерін жақсарту арқылы Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, өздері де соның пайдасы мен жемісін көруі керек. Ауғанстанмен экономикалық ынтымақтастықтарды нығайту лаңкестікпен халықаралық күреске көмектесе алады. Себебі, ол лаңкестік және әсірешіл топтар үшін өздеріне қатар тартатын салаларды әлсіретеді",- деді.