АҚШ-тың түкпір-түкпірінде Трамптың саясаттарына қарсы шерулер өтті
(last modified Mon, 22 Jan 2018 04:11:46 GMT )
Қаң 22, 2018 10:11 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың түкпір-түкпірінде Трамптың саясаттарына қарсы шерулер өтті

АҚШ-тың әртүрлі қалаларындағы халық АҚШ Президентінің Ақ үйдегі қызметіне бір жыл толған күні оның саясаттарына қарсы ауқымды шерулер өткізді.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сенбі күні болған шерулерге қатысушылар ұран айтып, қолдарына плакаттар ұстап шығып, АҚШ Президенті Дональд Трамптың саясаттарын айыптады.

Шерушілер Трамптың презденттік кезеңінің бірінші жылында атқарған шараларына қатты наразы.

Жүздеген америкалық әйел де шеруге шығып, бұл елде әйелдерге қарсы қатігездіктің артқанына наразылық білдірді.

Вирджиния штатының демократ сенаторы Тим Кин әйелдердің шерулерінде: "АҚШ-та әйелдердің мемлекеттік лауазымдарға тағайындалу деңгейі әлемдік орташа есептен төмен, тіпті Ирак пен Ауғанстан сияқты елдердің деңгейінен де төменірек",-деп мойындады.