Трамп пен Нетаньяху Иранға қарсы ұстанымдарын қайталады
https://itolqyn.com/news/world-i34227
АҚШ Президенті мен сионистік режимнің Премьер-министрі Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында кездесіп, Иранға қарсы ұстанымдарын қайталады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 26, 2018 15:27 Asia/Almaty
  • Трамп пен Нетаньяху Иранға қарсы ұстанымдарын қайталады

АҚШ Президенті мен сионистік режимнің Премьер-министрі Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында кездесіп, Иранға қарсы ұстанымдарын қайталады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бейсенбі күні Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесіп, егер Вашингтон "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатын болса, Тель-Авив мұны толығымен қолдайтынын мәлімдеді. АҚШ Президенті де осы кездесуде АҚШ елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіретінін хабарлады.

Сионистік режимнің Премьер-министрі Трамптың АҚШ елшілігін Құдсқа көшіру туралы шешімін қолдап, бұл шараның бітім келіссөздерінің алға жылжуына себеп болатынын айтты.