Трамп Давоста Иранға қарсы дабыра сөздерін қайталады
АҚШ Президенті Швейцарияның Давос қаласындағы Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Иранға қарсы уәждерін қайталады.
«Әл-Хадс» телеарнасының хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп жұма күні Давоста сөйлеген сөзінде: «Әлем Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеуі керек. Иранның аймаққа ықпалымен күресу қажет»,-деп уәж айтты.
Трамптың Иранға қарсы уәждері АҚХА-ның әрдайым өз есептерінде Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігін растаған жағдайда айтылды.
Ақ үйдің саясаттары әрдайым лаңкестік топтарды қолдауға бағытталған жағдайда Трамп лаңкестікпен күресіп жатқанын айтты.
Трамп, сондай-ақ, өз үкіметінің экономикалық саясаттарын қорғап, АҚШ-ты әрдайым бірінші орынға қоятынын айтты.
АҚШ Президенті, сондай-ақ, өз үкіметінің әскери салаға ауқымды инвестиция салатынын қорғап, оны табысты іс деп атады.