Давос жиреніш тарататын саясаткерлерге бойкот жариялауы керек
АҚШ Президенті Дональд Трамптың сөздері мен оның аймақтағы кейбір араб тұлғалардың ұстанымдарымен үндесуі Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның биылғы отырысында Теһранға қарсы жаңа жобалардың жоспарланғанын көрсетеді.
Дональд Трамп осы форумда Иранға қарсы уәждерін қайталап: "Біз лаңкестік пен бағынбайтын режимдерден ада әлемді қалаймыз. Баршамыздың қауіпсіздігіміз барлық елдердің қорғаныс мәселелеріне қатысты үлестерін төлеуіне байланысты. Біз баршаңызды Иранның ядролық қаруға қол жеткізуінің алдын алуға шақырамыз",-деді.
Бұл сөздер Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр Теһранды аймақта өзінің бұрынғы империясын қайта жандандырғысы келеді деп тағы айыптағаннан соң айтылды. Ешбір тарихи негізсіз және саяси-құқықтық құжатсыз сөздердің айтылуы эр-Риядтың тағы да Ираннан үркіту деген ескі жобаны ілгерілетуді көздейтінін көрсетеді. Батыстың кейбір елдері эр-Риядқа жақтасып отыр. Сауд Арабиясына жақтасып отырған елдердің бірі – сионистік режим. Ол Иранды әлі күнге дейін "терроризмді демеуші" деп атайды. ДАИШ-тың аймаққа салған ойраны ирандық жауынгерлердің жанпидалығының арқасында тоқтатылды. Осындай жағдайда Давос мемлекеттердің бір-біріне жақындасатын, әлемдік экономиканың дамуы үшін бірігу механизмін дайындау орны болудың орнына асау мемлекеттердің өкілдерінің басқа елдерді лаңкестікті қолдайды деп айыптайтын трибунаға айналып, олардың бұл жерді өздерінің ішкі істерге араласушылықтарына заңдылық беру үшін пайдаланатын орынға айналғаны анық. Вашингтон мен оның одақтастары трибуна қолдарына түскен сайын Теһранға қарсы үгіт-насихат жүргізеді. Олар Таяу Шығыста лаңкестікпен күресе алатын және жауапкершілікті қабылдай алатын жалғыз ойыншының Иран екенін жақсы біледі. Теһранның ядролық келісімге қол қойып, АҚХА-ның шектеулерін ерікті түрде қабылдау арқылы өзінің ядролық бағдарламасына қандай бір айып тағудың жолын жапқаны олар үшін айдан анық. Соған қарамастан, осы келісімге қол қойған елдердің бірінің басшысы тағы да Иранға қарсы ядролық уәждерін қайталауымен жалпы АҚШ үшін ядролық бағдарлама емес, Ирандағы саяси жүйенің болмысының түйткіл тудырып отырғанын көрсетті.
Дональд Трамптың Иранға қарсы уәждері әлемдік саясаттың қалай бұрмаланғанын және Давостың қалай өз кінәсін өзгеге жабатын орынға айналғанын көрсетеді. Бір асау елдің басшысы басқа мемлекеттерді ырыққа көнбейді деп, өз көршісін антигуманистік сипатта бомбалап жатқан елдің Сыртқы істер министрі Иранды империяны қайта жандандыруды көздейді деп айыптайды.
Тарих тұрғысынан әлемдегі қоғамдық пікір Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумнан жаһанды дамыту үшін бағдарлама жасауын күтеді. Алайда бірнеше саясаткердің дипломатиядан тыс жауластық сөздері азаматтық қоғамның әлемдік деңгейде Давостың мақсат-міндетін қайта қарастыруына мұрсат беріп отыр. Ең жақсысы, Давост әлемде кек пен жиреніш тарататын саясаткерлерге санкция салып, олардың келесі жылдардағы саммиттерге қатысуына тыйым салуы керек сияқты.
Егер осындай саясат жүргізілмесе, Давос та басқа да жаһандық саммиттердің кебін киетін болады. Бұл жиналыстар әлемдік деңгейде жиіркеніш таратып, соғыстарды көбейткеннен басқа нәтиже бермейді. Мұндай жағдайдан құтылудың жалғыз жолы осындай отырыстардың АҚШ сияқты дау-дамайы көп елдердің экспансистік саясаттарынан тәуелсіздігін сақтау болып табылады. Бұл әртүрлі елдердің халықтық ұйымдары тарапынан талап етілуі тиіс.