Трамптың жылдық баяндамасында бұрынғы уәждер қайталанды
https://itolqyn.com/news/world-i34409
Америка президенті жылдық баяндамасында елінің іші мен халықаралық мәселелерге байланысты әдеттегі ұстанымдарын қайталады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 31, 2018 23:11 Asia/Almaty
  • Трамптың жылдық баяндамасында бұрынғы уәждер қайталанды

Америка президенті жылдық баяндамасында елінің іші мен халықаралық мәселелерге байланысты әдеттегі ұстанымдарын қайталады.

Reuters хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Америка президенті Дональд Трамп алғашқы жылдық баяндамасында ядролық келісімді сынап, Ирандағы жуырдағы бейберекеттіктерге қолдау білдіріп, Конгрестен Иранмен жасалған «қорқынышты ядролық келісімнің» кемшіліктері мен «қорқынышты тұстарын» қарастыруды сұрайтынын айтты.  

Трамптың айтуы бойынша Ресей мен Қытай Американың экономикасы үшін қоқан-лоққы саналады. Америка президенті Ауғанстаннан шығатын нақты уақытты жарияламайтыны туралы да уәж айтты.  

Дональд Трамп Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялау туралы өзінің шиеленіс тудырған ұстанымының жалғасында: «Америка Вашингтонның Құдст туралы шешіміне қарсы елдерге қаржылай көмек көрсетуді тоқтатуы керек» деді.

Трамп Солтүстік Кореяның ядролық зымырандарға қол жеткізудегі батыл талпыныстарының өте қысқа уақытта Америкаға қарсы қатерге айнала алатыны туралы уәж айтты.