Трамп Иран халқымен бірге ме, әлде қарсы ма?
https://itolqyn.com/news/world-i34413
Дональд Трамп АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде тағы да Иран халқының қасында екенін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 01, 2018 14:31 Asia/Almaty
  • Трамп Иран халқымен бірге ме, әлде қарсы ма?

Дональд Трамп АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде тағы да Иран халқының қасында екенін айтты.

 

 

АҚШ Президенті ИИР-на қарсы айыптаулар жобалағаннан кейін: «АҚШ Иран халқы мен оның азаттық жолындағы батыл күрестерін қолдайды»,-деген уәж айтты. Трамп, сондай-ақ, АҚШ Конгресінен «Иранмен қорқынышты әрі нашар ядролық келісім» деп атаған құжаттың негізгі кемшін тұстарын қарастыруды сұрады.

Бұдан бұрын Иранда наразылықтар туындаған кезде Трамп сөз сөйлеп немесе Twitter арқылы қайта-қайта жолдаулар жіберіп, Иран халқын қолдайтынын жариялаған болатын. Алайда тура осы адам Ақ үйге келген алғашқы аптаның соңында бір бұйрыққа қол қойды. Соған сәйкес, қай дінді және қандай саяси ағымды ұстанатындығына қарамастан Иранның барлық азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынды. Осы бұйрық орындалғаннан кейінгі бейберекет күндері АҚШ-тың әуежайларында осы елдегі жанұяларын көруге келген жүздеген ирандық қамауға алынды. Сол кезде ақпарат құралдары шекара қызметкерлері тарапынан ұсталған 5 жасар ирандық баланың суретін жариялады. Тіпті, шұғыл ота жасату үшін Нью-Йоркке жіберілген ирандық балаға да ауруханаға баруға рұқсат берілмеді.

Біраз уақыт өткеннен кейін АҚШ Президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйлер алдында Иран халқын «лаңкес» деп атап, өзінің баяндамасында Иранның саяси жүйесіне бірнеше рет тіл тигізумен қоса, Парсы шығанағын «Араб шығанағы» деп атады. АҚШ Президенті 3000 жылдан бері «Парсы шығанағы» деп аталып келе жатқан шығанаққа қатысты  осындай атауды бірінші рет қолданды. Дональд Трамп Иранның ядролық келісімін, яғни «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын шетке ысырып, тоқтатылған санкцияларды қайта орындаймын деп талай рет қоқан-лоққы жасады. Осындай жағдайда Иранға қарсы ядролық санкциялардың салдарынан Иран халқы өзінің илаһи байлығы –мұнайды сатып тапқан қаражатына қолжетімділіктен мақұрым қалып, азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мүмкіндігі ауырлап кетті. Алайда, Иран халқы өзінің ядролық құқығына жету үшін  санкциялардың қиындықтарына төзді. Бұған қарамастан, Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейінгі кезеңге қайта оралту қоқан-лоққысы әрбір ирандық әйел, еркек пен балаға теріс әсер ететін болады.

АҚХА Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне берік екенін сан рет растады. Дональд Трамп үкіметі мен оған дейінгі АҚШ үкіметтерінің осындай әрекеттерін ескере отырып, «Иран халқының қасында болу» уәжінің қабылдана қоятындыңына сену қиын. АҚШ-тағы ирандықтардың ұлттық кеңесінің басшысы Трита Парси: «Трамп мырза, ирандықтарға АҚШ-тағы туыстарымен кездесуге тыйым салу әрекетіңізбен сіз Иран халқының қасынан табылмайсыз»,-деді.