Жапонияның "Токио кәдесыйлары" атты 42-ші халықаралық көрмесінде Иранның қолөнер бұйымдары таныстырылады
Ақп 07, 2018 07:18 Asia/Almaty
Иранның дәстүрлі өнерлері, қолөнер кәсібі мен кәдесыйлары 2018 жылдың 8-9 ақпанында "Токионың кәдесыйлары" атты халықаралық көрмеде таныстырылады.
"Tokyo Big Sight" деп аталатын халықаралық көрмелер орталығында үш күн болатын "Токионың кәдесыйлары" атты халықаралық көрменің 42-ші кезеңіне ирандық қолөнершілер алғаш рет қатысып, өз қолөнер бұйымдары мен өнімдерін таныстырады.
"Токионың кәдесыйлары" немесе "Gift Show" атты халықаралық көрмесі "Өмір және жобалау" тақырыбында және "Жақсырақ жобалаумен қуаныштырақ өмір сүру" атты ұранмен әртүрлі елдердің ойыншықтары, кеңсе тауарлары, сертификаттары, сән үлгілері, сұлулық өнімдері мен қолөнер кәсібін ұсынып, көрсетуге арналған.
Тегтер