Эрдоған америкалықтарға Сирияның Манбидж қаласынан шығу туралы ескерту жасады
(last modified Thu, 08 Feb 2018 03:45:35 GMT )
Ақп 08, 2018 09:45 Asia/Almaty
  • Эрдоған америкалықтарға Сирияның Манбидж қаласынан шығу туралы ескерту жасады

Түркия Президенті америкалық әскерилерге Сирияның солтүстігіндегі Алеппо облысындағы Манбидж қаласынан тез арада шығу туралы ескерту жасады.

«Anadolu» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Реджеп Тайып Эрдоған сейсенбі күні Әділет және даму партиясының парламенттік өкілдерінің алдында Манбидж қаласын Сирияның солтүстігіндегі Түркия әрекеттерінің келесі кезеңі деп жариялап: «Америкалықтар бұл қаладан жылдамырақ шығуы керек. Өйткені, Түркия бұл қаланы оның негізгі иелеріне тапсыруды көздейді»,- деді. Түркия Президенті Сирияның солтүстігінің ДАИШ лаңкестік тобынан тазартылғанына қарамастан америкалықтардың бұл аймаққа қару жіберуді жалғастырып жатқанына тоқталып: «АҚШ-тың Сириядағы әрекеттері Түркия мен Иран және Ресейдің әрекеттеріне қарсы»,- деді.

 

 

Тегтер