Иран мен Еуропаның саяси қарым-қатынасында жаңа кезең басталды
Теһран бүгін екі еуропалық басшыны күтуде. Нидерланды Сыртқы істер министрі Сигрид Кааг сейсенбіде ирандық басшылармен кездесіп, пікір алмасу үшін Теһранға енді.
Теһран бүгін еуропалық екі басшыға қонақжайлық танытып жатыр. Нидерланды Сыртқы істер министрі Сигрид Кааг сейсенбі күні ирандық басшылармен кездесіп, пікір алмасу үшін Теһранға келді.
Осы сапармен тұспа-тұс Испания Сыртқы істер министрі Альфонсо Дастис та бүгін Теһранда ирандық басшылармен кездесіп, екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселер туралы сұхбаттасады. Испания Сыртқы істер министрі Мадридтің экономикалық қарым-қатынастарымен бірге Иранмен саяси кеңестер механизмін де кеңейтетінін мәлімдеді.
Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан де сейсенбі күні алдағы бірнеше күнде Иранға сапармен келетінін хабарлады.
Осы уақытта Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи саяси делегацияны басқарып, Иран мен Ұлыбритания келіссөздеріне қатысу үшін Лондонға сапар шекті. Арақчи бейсенбі күні Лондондағы халықаралық қатынастар саласындағы Chatham House аналитикалық орталығында сөз сөйлейді.
Бұл қарым-қатынастар екіжақты, аймақтық және халықаралық тұрғылардан ерекше маңызды. Өйткені, бұлар Иран мен еуропалық елдер арасындағы маңызды өзгерістерге бастама бола алады. Бүгінде Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы әрекеттерінің басталғанына бір жылдан асты. АҚШ-тың Иран мен еуропалық мемлекеттердің арасын алыстату үшін жасап жатқан қысымдары жалғасуда. Еуроодақ осы уақытқа дейін Трамптың әрекеттерінің ықпалына түсіп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан түсетін пайдаларынан айрылғысы келмейтінін көрсеткенімен, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясындағы кейбір мәселелерге қатысты айқын ұстанымын білдірген жоқ.
Карнеги институты өз сараптамасында: "Иран Еуропа үшін жақсы мұрсат. Сондықтан Еуропа бұл мұрсаттан айырылғысы келмейді",- деп жазды.
Қалай болғанда да Еуроодақтың кейбір мемлекетері Иранның аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатудағы маңызды рөлін қуаттағанымен, АҚШ-тың Иранға қарсы уәждеріне қосылып, бұл елдерге ешқандай қатысы жоқ Иранның зымырандық әлеуетін қатерлі деп көрсету үшін ұқсас ұстаным білдірді.
Бахрам Қасеми сейсенбі күні Франция мен Англия Сыртқы істер министрлерінің Иранның зымырандық бағдарламасына алаңдаушылық білдіруін дәлелсіз әрі қисынсыз деп атап: "Иран мұндай негізсіз ұстанымды жауапсыздық және түсініксіздік тудырады деп санап, оны қабылдамайды",- деді.
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Сейед Аббас Арақчи да осыдан бұрын: "Кейбір еуропалықтардың АҚШ-на "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзбауы Президент Дональд Трампқа ұпай беру идеясы толығымен қате. Бұл идеяның салдарлары болады",- деген болатын.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: "Еуропалықтар АҚш үкіметінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзу және санкциялар енгізу сынды әрекеттеріне қарсы тұрып, Иранның қорғаныс күші және Иранның аймақтағы орналасуы сынды мәселелер бойынша АҚШ-ты қолдамауы керк. Өйткені, біз еуропалықтардың АҚШ-тың зорлық-зомбылықтарын қолдауын қабылдамаймыз",- деген болады.
Қазіргі жағдайда кейбір еуропалық тараптар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына күмәнмен қарап, екіжүзділік білдіруде деген ой туады. Мұндай жағдай оларды Иранмен үйлесімді қарым-қатынасқа жеткізбейді.