Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранға санкция салынуға қарсы
Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Йеменнің Ансаролла қозғалысына қару-жарақпен қолдау көрсетеді деген сылтаумен Иранға санкция салуға талпыныс жасауын қабылдауға келмейтін іс деп атады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Василий Небензя сәрсенбі күні Батыс елдерінің Иранға Йеменнің Ансаролла қозғалысына зымыран жіберуді тоқтатпады деп жалған айып тағуына қарсылық танытып: "БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Йеменге қарсы санкцияларды қайта қарастыру туралы қарарда Иранды айыптамауы керек",-деді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ұлыбританияның АҚШ пен Франциямен ақылдасып дайындап, Иранды Йеменнің Ансаролла қозғалысына қару-жарақпен көмектесті деген сылтаумен айыптаған қарардың жобасын талқылауда. Ресей 2018 жылдың 26 ақпанында бекітіледі деп күтілетін бұл қарардың жобасын қабылдауға келмейді деп сипаттады.