Арақчи: АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасына үстем кеңістікті бұзғысы келеді
https://itolqyn.com/news/world-i35039
Иран Сыртқы істер министрінің Саяси істер жөніндегі орынбасары Теһранның басқа тараптардың "Ортақ қадам" келісімін жүзеге асыру үдерісіне риза еместігін баяндап: "АҚШ президенті Дональд Трамп "Ортақ қадам" бағдарламасына үстем кеңістікті бұзғысы келеді",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 24, 2018 17:29 Asia/Almaty
  • Арақчи: АҚШ

Иран Сыртқы істер министрінің Саяси істер жөніндегі орынбасары Теһранның басқа тараптардың "Ортақ қадам" келісімін жүзеге асыру үдерісіне риза еместігін баяндап: "АҚШ президенті Дональд Трамп "Ортақ қадам" бағдарламасына үстем кеңістікті бұзғысы келеді",- деді.

Лондонға сапармен барған Иран СІМ-нің Саяси істер жөніндегі орынбасары Сейіт Аббас Арақчи Press TV арнасына берген сұхбатында Иранның толығымен "Ортақ қадам" бағадарламасына сәйкес әрекет етіп, бірақ басқа тараптың өз міндеттемелерін толығымен орындамай отырғанын баяндап: "АҚШ-тың әрекеттері "Ортақ қадамның" қатерге ұшырауына соқтырды.

Иран өзіне қарсы санкциялардың күшін жою үшін ядролық бағдарламасын шектеуге келісті. Алайда Дональд Трамптың "Ортақ қадам" келісіміне өшпенділігі Иранның бұл келісімнің экономикалық мүдделерінен пайда көре алмауына себеп болды.

Еуропалықтар Иранның "Ортақ қадам" келісіміне қатысты алаңдаушылығына назар аударып, оны зерттеуі тиіс",- деді.

Иранның Атом қуаты ұйымының баспасөз хатшысы Беһруз Камалванди Халықаралық Атом Қуаты Агенттігінің Иранның "Ортақ қадамға" сәйкес міндеттемелеріне беріктігіне негізделген жаңа есебінің жарияланғанына сілтеме жасап: "АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы әрекеттеріне байланысты еуропалықтар америкалықтар "Ортақ қадамдағы" міндеттемелеріне берік болуы үшін тиісті қысым жасауы керек",- деді.