Қауіпсіздік кеңесіндегі сәтсіздіктерінен кейінгі АҚШ, Франция, Германия және Ұлыбританияның Иранға қарсы мәлімдемесі
https://itolqyn.com/news/world-i35163
АҚШ, Франция, Германия және Ұлыбритания ортақ мәлімдеме жариялап: "Иранның Йеменге қарсы санкцияларға табанды болмауы алаңдатарлық жайт",- деген уәж айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 28, 2018 23:21 Asia/Almaty
  • Қауіпсіздік кеңесіндегі сәтсіздіктерінен кейінгі АҚШ, Франция, Германия және Ұлыбританияның Иранға қарсы мәлімдемесі

АҚШ, Франция, Германия және Ұлыбритания ортақ мәлімдеме жариялап: "Иранның Йеменге қарсы санкцияларға табанды болмауы алаңдатарлық жайт",- деген уәж айтты.

АҚШ пен еуропалық үкіметтердің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Йемен дағдарысына қатысты Иранды айыптау қараларының нәтижеге жетпеуінен  бір күннен кейін АҚШ, Франция, Германия және Ұлыбритания сейсенбі күні Йемен туралы  Иранға қарсы ұстанымын қайталады.

АҚШ, Франция, Германия және Ұлыбритания  ортақ мәлімдемеде: "Иранның Қауіпсіздік кеңесінің Йемен туралы №2216 қарарына табанды болмауы аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығына қарсы қоқан-лоққы",- деп айтылды.

АҚШ, Франция, Германия және Ұлыбритания  сондай-ақ: "Мамандар тобы зерттеулерінің нәтижесі 2017 жылдың шілде айының 22 күні және қараша айындағы хусилердің Сауд Арабиясының қарапайым халқына қарсы атқан зымырандарының ирандық болғанын көрсетті",- деген уәж айтты. ИИР басшылары сан рет бұл уәждерді теріске шығарды.