"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының сәтсіздікке ұшырауына қатысты Венадан Теһранға дейінгі ескертулер
(last modified Tue, 06 Mar 2018 11:03:44 GMT )
Нау 06, 2018 17:03 Asia/Almaty

Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының күшін жою, тіпті одан шығу әрекеттері осы келісімге қатысты басты мәселеге айналды.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Юкия Амано дүйсенбі күні АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сәтсіздікке ұшырату үшін қысым жасауының салдарларына қатысты ескерту жасады. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Басқарма кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Амано: "Иранның ядролық келісімі – ядролық жүйе саласындағы үлкен жетістік. Егер ядролық келісім сәтсіздікке ұшыраса, ядролық жүйе үшін үлкен сәтсіздік болады",- деді.

Агенттіктің Басқарма кеңесіінң отырысымен тұспа-тұс АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзуының салдарлары туралы тақырып Теһранда сапармен жүрген Франция Сыртқы істер министрі келіссөздерінің де ең маңызды мәселесі болды.

ИИР Президенті дүйсенбі күні Теһранда Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен кездесуінде аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын және ынтымақтастықтарды арттыру үшін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтау қажеттігін қуаттап: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылмауы баршаның өкінішіне айналатын жайт болады",- деп қатаң ескертті.

Франция Сыртқы істер министрі де Теранда өткен кездесулерде: "Еуропа, әсіресе Франция АҚШ-тың қысымдарына қарамастан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын іске асыруға мүдделі",- деп қуаттады. Иран еуропалық басшылардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын іске асыруға қатысты кейбір сөздері мен әрекеттерін және олардың АҚШ-тың қысымдарының ықпалына түсуін сынады.

Халықаралық қарым-қатынастар саласының маманы Сабах Зангене: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының мәтінін өзгеруге талпыныс жасауда. Сол себепті Иранға қарсы санкцияларды арттыру арқылы қысымдарды кеңейтуде",- деді.

Бұл салада кейбіреуі қайталанған, бірақ қуаттауды қажет ететін бірнеше мәселе бар: біріншіден, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қадағалайтын Трамп пен Ақ үй емес, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табандылығын 10 рет растады; екіншіден, егер АҚШ-тың әділетсіз әрі біржақты шешімімен ядролық келісімге сызат түсірілсе, ол Иранның мүддесіне емес; үшіншіден, бұл салада шешімді еуропалық мемлекеттер қабылдайды.

Норвегияның саяси ғылымдар пәнінің ұстазы: "Бұл әрекеттер саяси мақсатпен іске асырылады. Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына толығымен табанды болды. Агенттік бұл мәселені растады. Еуроодақ бұл келісімге табанды, өйткені бұл келісімге саяси тұрғыдан үлкен инвестиция салды. Еуроодақ Иранмен ынтымақтастықта экономикалық мүддесін көздейді",- деді.

Негізінде Трамптың бүлдіргі саясаттары Еуроодақты алаңдатып отыр. Егер Еуропа бұл салада шара қолданып, АҚШ-тың  қисынсыз уәждерін қабылдамай, өз жолын жалғастырмаса, бұл саяси ойында жеңіледі.