Мәскеу Батыстың Дамаскты химиялық қару қолданды деп айыптауына реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i35347-Мәскеу_Батыстың_Дамаскты_химиялық_қару_қолданды_деп_айыптауына_реакция_білдірді
Кремльдің ақпарат хатшысы Дмитрий Песков Батыстың Сирияны химиялық қару қолданды деп айыптауын сынап:
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 06, 2018 21:47 Asia/Almaty
  • Мәскеу Батыстың Дамаскты химиялық қару қолданды деп айыптауына реакция білдірді

Кремльдің ақпарат хатшысы Дмитрий Песков Батыстың Сирияны химиялық қару қолданды деп айыптауын сынап:

"Батыстың осындай арандатушы әрекеті әлі жалғасуда. Сирия басшылығына қарсы мұндай негізсіз айыптаулар әлі жобаланып жатыр. Сирияда химиялық қарулар жойылған. Мұны Ресей тарапы ғана емес, Ядролық қарулардың таралуына тыйым салу ұйымы да растап отыр",-деп қуаттады.

Кремльдің ақпарат хатшысының сөздері БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі дүйсенбі күні Сирия үкіметінің осы ел халқына қарсы қатігездігі деп аталған оқиғаны зерттеуге өтініш білдіргеннен кейін айтылды.