Трамптың экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі отставкаға кетті
https://itolqyn.com/news/world-i35357
Ақ үйдің экономикалық мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі Гэри Кон сейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың болат пен алюминий импортына салық салу мәселесімен келіспей, отставкаға кетті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 07, 2018 14:22 Asia/Almaty
  • Трамптың экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі отставкаға кетті

Ақ үйдің экономикалық мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі Гэри Кон сейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың болат пен алюминий импортына салық салу мәселесімен келіспей, отставкаға кетті.

Осы уақытқа дейін АҚШ-тың көптеген басшылары мен бизнес топтары Трамптың салық жобаларын сынап, оларды "үлкен қателік"деп атады.

Трамп жуырда АҚШ-қа енгізілетін болат пен алюминийге салық салатынын мәлімдеген болатын. АҚШ үкіметінің жобасы бойынша болат импортына 25 пайыз, алюминий импортына 10 пайыз салық салынады.

Еуроодаққа мүше елдердің көбі, егер Трамп өз шешімін іске асырса, АҚШ-тан енгізетін тауарларға да сондай салық салатындықтарын жариялады. Трамп АҚШ-тың бұрынғы үкіметінің басқа елдермен немесе халықаралық ұйымдармен қол қойған келісімдерін сан рет "ақымақтық" деп атады.