Өзбекстан БҰҰ-ның Адам құқығының арнайы баяндамашысын сынады
Өзбекстан үкіметі БҰҰ-ғы Адам құқығының баяндамашысы Ахмад Шаһидтің есебіндегі Өзбекстандағы мазхабтық азаттықтардың бұзылуы туралы мәліметтерді жалған деп атады.
Иран Телерадио ұйымына қарасты Шетелдік тораптың өзбек радиосының хабарлауы бойынша, Өзбекстан үкіметі мәлімдеме жариялап, Ахмад Шаһидтің сол елде діни еркіндіктердің бұзылуы туралы уәждерін теріске шығарып: «БҰҰ-ның Адам құқығы туралы баяндамашысының Өзбекстан туралы айыптарының 29 жайты жалған әрі негізсіз» деп мәлімдеді.
Өзбекстан үкіметі мәлімдемеде Ташкенттің Ахмад Шаһидтің БҰҰ-ның Адам құқығы комитетінде мәлімдеген айыптау жайттарына жауап беретінін баса айтып: «БҰҰ-ның адам құқығының баяндамашысы өзінің міндетіне кірмейтін іске араласқан» деді.
Ахмад Шаһид жуырда Женевада Адам құқығының кеңесіне ұсынған баяндамасында Өзбекстанды діни азшылықтардың еркіндіктерін бұзуда деп айыптады.