Макрон Құдсты Палестинаның астанасы ретінде тану қажеттігін қуаттады
Франция Президенті Құдсты Палестинаның астанасы ретінде танитын кездің жеткенін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Франция Президенті Эммануэль Макрон Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы деп тану туралы біржақты шешімін сынап, Құдсты Палестинаның астанасы ретінде танитын кездің келетінін айтып: "Трамп тарапынан Құдсты сионистік режимнің астанасы деп біржақты тану текетіресті шешуге көмектескен жоқ",-деп жазды.
Дональд Трамп 2017 жылдың 6 желтоқсанында аймақ пен әлемдегі ауқымды қарсылықтарға қарамастан: "Вашингтон Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми танып, өз елшілігін осы қалаға көшіреді",-деп жариялаған болатын. Бұл шара палестиналықтар мен әлемдік қауымдастықтың ауқымды наразылығына ұшырады.
Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің басқа 13 мүшесімен бірге Трамптың біржақты шешімінен кейін Мысырдың осы шешімнің күшін жою туралы ұсынған қарарына келісім берді.
Бұл қарарға АҚШ-тың өзі ғана қарсылық білдіріп, вето жариялады.