Америка Иранға қарсы «ұлттық төтенше жағдайды» тағы ұзартты
АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қарсы «ұлттық төтенше жағдайды» тағы да бір жылға ұзартты.
IRNA-ның мәліметі бойынша, Ақ үй жариялаған Трамптың сейсенбі күнгі мәлімдемесінде Иран мен "алтылық" тобы арасындағы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатты болуына кепілдік бергеніне қарамастан, "Иранның саясаттары АҚШ-тың мүдделеріне қайшы болғандықтан-мыс» Вашингтонның Иранға қарсы «ұлттық төтенше жағдайды» тағы бір жылға ұзартқаны айтылды.
Трамп өз мәлімдемесінде: "Иранның әрекеттері мен саясаттары, соның ішінде баллистикалық зымырандарды дамытуы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қарсы қоқан-лоққы саналады. Сондықтан, 1995 жылдың наурыз айының 15 күні Иранға қарсы жарияланған «ұлттық төтенше жағдай» 2018 жылдың наурыз айының 15 кейін тағы да бір жылға ұзартылуы керек",- деген уәж айтты.