Тиллерсон отставкаға кеткеннен кейін Трамптың жасаған мәлімдемесі
https://itolqyn.com/news/world-i35527
АҚШ Президенті елінің Мемлекет хатшысын міндетінен босатқаннан кейінгі бірінші сөзінде онымен шынайы қайшылықтарға ие болғанын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 14, 2018 18:16 Asia/Almaty
  • Тиллерсон отставкаға кеткеннен кейін Трамптың жасаған мәлімдемесі

АҚШ Президенті елінің Мемлекет хатшысын міндетінен босатқаннан кейінгі бірінші сөзінде онымен шынайы қайшылықтарға ие болғанын айтты.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп журналистердің алдында Тиллерсонды отставкаға жіберу туралы шешімін онымен сөйлеспей, ол АҚШ-та болмаған кезде қабылдағанын айтты. Трамп сондай-ақ: "АҚШ ең жақсы адамдарын пайдалануы керек. Майк Помпео шын мәнінде нағыз Мемлекет хатшы болады. Иранның ядролық мәселесі сынды тақырыптарға қатысты Тиллерсонмен пікірім өзгеше болды. Менің көзқарасым Помпеоның көзқарасына жақынырақ болғандықтан әрқашан ойымыз бір болды",- деді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Стив Голдстейнды "Тиллерсон міндетінен не үшін босатылғанын білмейді" деген сөзі үшін отставкаға жіберді.