Тиллерсонды отставкаға жіберу – Трамп үкіметіндегі дүмпу
https://itolqyn.com/news/world-i35529
Рекс Тиллерсон АҚШ Мемлекеттік хатшысы міндетінен босатылды. АҚШ Президенті Дональд Трамп Твиттердегі парақшасында өзінің президенттік кезеңіндегі ең маңызды кадр алмастыруларын жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 14, 2018 19:07 Asia/Almaty
  • Тиллерсонды отставкаға жіберу – Трамп үкіметіндегі дүмпу

Рекс Тиллерсон АҚШ Мемлекеттік хатшысы міндетінен босатылды. АҚШ Президенті Дональд Трамп Твиттердегі парақшасында өзінің президенттік кезеңіндегі ең маңызды кадр алмастыруларын жариялады.

Трамп: «АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео жаңа Мемлекетік хатшы болады. Ол бұл міндетті жақсы атқарады. Рекс Тиллерсонға қызметі үшін алғыс айтамын. Орталық барлау басқармасының директоры болып Джина Хаспел тағайындалады. Ол бұл міндетті орындайтын бірінші әйел болады. Баршаға құтты болсын!"- деп жазды.

Твиттердегі бұл хабар арқылы Трамп кабинетінің маңызды екі лауазымы анықталды. Кабинеттің ең сенімді мүшесі Майк Помпео президент пен бұл елдің дипломатиялық органы арасындағы қайшылықтарды шешу үшін АҚШ-тың Орталық барлау басқармасынан елдің Мемлекеттік департаментіне ауысты. Сондай-ақ, Орталық барлау басқармасының директоры ретінде бірінші әйелдің сайлануымен АҚШ-тың негізгі барлау органы жұмсарады. Бұл шешімдер АҚШ үкіметінің шешім қабылдау деңгейіндегі қайшылықтарының артқанын көрсетеді.

Осыдан бірнеше ай бұрын Рекс Тиллерсонның Мемлекеттік хатшы міндетінен босатылу ықтималы туралы хабар таралған болатын. Трамптың президенттік кезеңінің басталуынан шамамен бірнеше ай бұрын АҚШ Президенті мен Мемлекеттік хатшы арасында қайшылық басталған болатын. Бұл қайшылықтар НАТО мен Ресей мәселелеріне, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Корея проблемаларына қатысты болды. Сонымен бірге екі жақ Қатардың дипломатиялық дағдарысы, Таяу Шығыстағы бітім келіссөздері, Сирия мен Ауғанстанның келешегіне қатысты қайшылықтарға ие болды. Трамп тәжірибесіз, бірақ америкалық ұлтшыл ағымдардан шыққан саясаткер ретінде біртұтас сыртқы саясат ұстанып, жаһандану, ірі альянстарды қолдау мен халықаралық тәртіпті сақтауды көздеген АҚШ дипломатиясымен қайшылыққа тап болды. Біразға дейін бұл қайшылық ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі генерал Герберт Макмастер және Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис сынды адамдардың арағайындығымен басылғандай көрінді.

Алайда Трамптың АҚШ сыртқы саясатындағы ең маңызды дағдарыстарының бірі саналатын  Корея түбегіндегі ядролық дағдарысқа қатысты ұстанымы Президент пен Мемлекеттік хатшы арасындағы қайшылықтарды арттырды. Трамптың Оңтүстік Кореяның арағайындығымен  Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ынның келіссөздерге шақыруын күтпеген жерден қабылдауынан кейін Африкада сапармен жүрген Тиллерсон бұл үлкен өзгерісті Трамптың жеке шешімі деп атады. Ақпарат құралдары Тиллерсонның науқас болуына байланысты Африкадағы кейбір жұмыстарын тоқтатып, бір күн бұрын Вашингтонға оралғанын хабарлады. Тиллерсонның еліне оралуы Трамптың Твиттерде  АҚШ-тың жаңа Мемлекеттік хатшысын таныстыруымен тұспа-тұс болды.

Енді Сенат жаңа Мемлекет хатшысы мен Орталық барлау басқармасының жаңа басшысының сайлануы туралы шешім қабылдауы керек. Бұл мәселе де қайшылықсыз шешілмейтін сынды.