АҚШ-тың қару-жарақтары аймақтағы қылмыскерлердің қолында жүр
https://itolqyn.com/news/world-i35541
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың қару-жарақтарының соғыс қылмыстарын жасауға қатысы бар аймақтағы қарақшылардың қолына түсетінін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 15, 2018 14:24 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың қару-жарақтары аймақтағы қылмыскерлердің қолында жүр

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың қару-жарақтарының соғыс қылмыстарын жасауға қатысы бар аймақтағы қарақшылардың қолына түсетінін айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Twitter-дегі парақшасында: «АҚШ өзінің қару-жарақ экспортының жартысынан астамын Таяу Шығыс аймағына жөнелтеді. Бұл қару-жарақтардың көбі соғыс қылмыстарының жасалуына қатысы бар тәжірибесіз немесе авантюрист басшылардың қолына түседі. Алайда әлі күнге дейін Иран тұрақсыздықтың көзі деп айыпталып отыр»,-деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ басшыларының айыптаулары мен өз кінәсін өзгеге жабуының жалғасып жатқанына тоқталды. АҚШ арагідік ИИР-ын Таяу Шығыс аймағындағы тұрақсыздықтың бастауы деп айыптап, Ираннан үркіту саясатының саясында саудиялықтардың мұнайдан түсетін долларларын қалтаға басып келеді. АҚШ Президенті Дональд Трамп 2017 жылы Ақ үйге келген кездегі алғашқы сапарында эр-Риядқа барды.  Трамп 2015 жылдың  наурыз айының 26 бері Йеменде қылмыс жасап жатқан басшылармен қатар тұрып, семсер биін билеген соң адам құқығының бұзылуына көзін жұмып, Сауд Арабиясымен құны 110 млрд доллар тұратын әскери келісімге қол қойды.

Осы саясатпен қатар Сауд режимінің тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман қоғамдық пікірдің қарсылығына қарамастан өткен жұмада Лондонда Ұлыбританиямен әскери келісімге қол қойды. Сауд Арабиясы мен Ұлыбританияның келісімі бойынша эр-Рияд Лондоннан Eurofighter Typhoon атты 48 қырғи ұшақ сатып алады. Қару-жарақ зауыттарының жұмысына дем беретін бұл келісім Таяу Шығыс аймағында соғыс пен тынышсыздықтың жалғасуының негізі болып табылады.  Мұнымен қоса,  АҚШ пен Ұлыбританияның Сауд Арабиясымен  әскери ынтымақтастығы бұл екі елдің Сауд режимінің Йемендегі қылмыстарына ортақтас екенін білдіреді.

АҚШ-тың Antiwar интернет сайты бірнеше күн бұрын Йемендегі соғыс туралы мақаласында америкалықтардың бұл елде соғыс қылмыстарының жасалуы мен гуманитарлық апаттың туындауының жалғасуына қатысып жатқанына алаңдаушылық білдіріп: «Сауд Арабиясының Йемендегі соғысынан үш жыл өткенімен әлі күнге дейін саудиялықтардың әуе шабуылдарында Йеменнің қарапайым адамдары қаза тауып жатыр. Ал америкалықтар қару‑жарақтардың алуан түрін Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің күштеріне жіберді. Саудиялықтар АҚШ-тан қаншалықты жылдам қару-жарақ сатып алады, америкалық бомбаларды соншалықты тез Йемен халқының үстіне жаудырады»,-деп жазды.

АҚШ-пен қоса, Ұлыбритания Йемендегі дағдарысты саяси жолмен шешуді қолдайтыны туралы жариялаған саясатына керісінше Сауд режимінің серіктесі әрі оны Йемендегі соғысты жалғастыруға ынталандырушы болып табылады. Йеменнің Сыртқы істер министрі: «Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша Йеменде әлемдегі ең ауыр гуманитарлық апатты тудырған Сауд Арабиясына Тайфун қырғи ұшақтарының сатылуы Ұлыбританияның Сауд режимінің Йеменге шабуылын қолдауымен бірдей»,-деп мәлімдеді.

АҚШ пен Ұлыбританияның қазіргі қатынасы Йеменнің дағдарысын шешуге көмектеспейді. Бәрінен бұрын Таяу Шығыс аймағын тұрақтылық пен тыныштыққа қарай жетелейтін нәрсе шындықтарды түсіну болып табылады.  Иран жауапкершілікті сезінетін ел ретінде аймақта белсенді әрі сындарлы әрекет етеді. Ирак пен Сирияда ДАИШ-тың өзін-өзі жариялаған халифатының жойылуы – осы сөзіміздің дәлелі. Иранның Йемендегі дағдарысқа қатынасы Теһранның БҰҰ-на ұсынған 4 баптық жобасында айқындалған. Онда атысты тоқтату бітімін орнату, гуманитарлық көмектерді жеткізу, йемендік партиялар арасында диалог өткізу және жалпы үкімет құру ұсынылған. Осы жобаны орындауға қажет шарт Сауд режимінің Йеменге шабуылдарын доғарып, америкалық қару-жарақтарды аймаққа жіберуді тоқтату болып табылады.