Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Йеменде дифтерия ауруының таралу ықтималын ескертті
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Йеменде дифтерия ауруының таралу ықтималын ескертіп, 70-тен астам адамның бұл елде дифтерия ауруына шалдығу салдарынан қаза тапқанын жариялады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы түрлі оқиғалар бөлімінің басшысы Jennie Musto сенбі күні дифтерия ауруының 2017 жылдың аяғынан бастап Йеменде арта түскенін айтып: "Қазіргі таңда Йеменде 1300 адам дифтерия ауруына шалдыққан. Солардың арасында 70-тен аса адам қайтыс болды",-деді.
Дифтерия – тамақ пен мұрында пайда болатын бактериялық жұқпалы ауру.
Jennie Musto Йеменде әртүрлі аурулар мен бейберекеттіктердің таралу себебін бұл елде соғыстың жалғасуы деп атап: "Йемен адамзат тарихындағы ең үлкен гуманитарлық дағдарыстың қалыптасу алдында тұр",-деді.
Йемен халқының 60 пайыздан астамы құрғақшылық пен аштықтан зардап шегуде. Бұл елде тырысқақ пен дифтерия секілді жұқпалы аурулар таралған.