Адел әл-Джубейр Иранға қарсы уәждерін қайталады
https://itolqyn.com/news/world-i35720
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр бейсенбі күні Америкада ИИР-на қарсы уәждерін қайталады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 23, 2018 20:29 Asia/Almaty
  • Адел әл-Джубейр Иранға қарсы уәждерін қайталады

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр бейсенбі күні Америкада ИИР-на қарсы уәждерін қайталады.

"Меһр" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Адел әл-Джубейр Брукинг институтында АҚШ Президенті Дональд Трамп пен сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхумен қосылып, аймақтағы лаңкестікке қарсы күрестің негізгі тіректерінің бірі саналатын Иранды лаңкестікті қолдаумен айыптап, Иранды аймақтың үлкен мәселесі деп атады.

ИИР Ирак пен Сириядағы лаңкестік топтармен күресу үшін бұл елдердің ресми өтініштерімен оларға кеңесшілік тұрғыдан көмек көрсетті. Бұл көмек еш уақытта Трамп, Нетаньяху және Сауд басшыларының көңілдеріне қош келмейді.

Сауд режимінің Сыртқы істер министрі сондай-ақ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  туралы: "Иран мен "алтылық" тобының ядролық мәселеге қатысты келісімі өзгеріс енгізуді қажет етеді",- деген уәж айтты.

Нетаньяху мен Трамп осы уақытқа дейін сан рет "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын өзгертуді немесе оның күшін жоюды талап етіп келді. Әлем Трамп, Нетаньяху және Сауд басшыларына қайшы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалғысы келеді.