Адам құқығы – саяси мақсаттар үшін құрал
(last modified Sun, 25 Mar 2018 20:06:45 GMT )
Нау 26, 2018 02:06 Asia/Almaty
  • Адам құқығы – саяси мақсаттар үшін құрал

Батыстың адам құқығы механизмі іс жүзінде саяси мақсаттарды ілгерілету жəне лаңкестік топтар мен қылмыскерлерге кеңістік тудырудың құралына айналды.

Жұма күні БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің 37-ші отырысында өте əлсіз дауыспен (21 дауыс) бір қарар бекітілді. Соның негізінде Ирандағы адам құқығының жағдайы жөніндегі баяндамашының миссиясы бір жылға ұзартылды.

Женевадағы БҰҰ-ның еуропалық кеңсесіндегі Иранның өкілі Мохсен Назири Асл Ирандағы адам құқығының жағдайы туралы қарар құқықтық негізден кенде деп санап, оны Кеңестің біртұтастығы мен тəсілдерін кейбір елдердің пайдақор саяси мақсаттарына жету үшін теріс пайдалану деп атады.

АҚШ пен Еуропаның кейбір елдері, атап айтқанда Ұлыбритания мен Франция адам құқығын бұзушылардың басында тұрған жағдайда Ирандағы адам құқығының жағдайына қатысты уəждер Ираннан үркітудің сюжетіне айналды.  
АҚШ-та қара нəсілділердің құқықтарына қатысты нəсілдік кемсітушілік өршіп тұр, осы елдегі түрмедегі жағдай аяныш тудырады. 

Имам Хосейн (ғ.) атындағы университеттің ұстазы Сухраб Салахи АҚШ-тың Иракқа шабуыл жасап, адам құқығын бұзғанынан бір мысал келтіріп: "Басқыншылардың  Иракта жасаған ісі режимді ауыстырудан əлдеқайда жоғары болды. Басқыншылар бұл елге шабуылдарыбарысында химиялық қару, кассеталық бомбалар, ақ фосфорлы және әлсіретілген ураны бар оқ-дәрілер сияқты тыйым салынған қарулардықолданды",-деді. Мұндай екіжүзділіктер Батыс елдерінің адам құқығын саяси мақсаттарға жетудің құралы етіп алғанын көрсетеді.

Иранның Адам құқығы штабының хатшысы Мұхаммад Джавад Лариджани Женевадағы БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің 37-ші отырысында: "Адам құқығы –  АҚШ, Батыс елдері немесе БҰҰ-ның қайырымдылық жасап беретін сыйы емес",-деді.

АҚШ пен Еуроодақ Иранға қатысты арнайы баяндамашы тағайындау арқылы дәйексіз есептер мен ИИР жүйесіне қарсылардың сөздеріне сүйеніп, Иранды адам құқығын бұзумен айыптайды. Олар Иран халқының діни, мәдени, тарихи жағдайы мен салт-дәстүрін назарға алмастан пікір білдіреді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өткен сәрсенбі күні имам Резаның кесенесінде жиналған зияратшылардың алдында сөйлеген сөзінде тәуелсіздік, азаттық, демократия, ұлттың өз-өзіне сенімі, әділет, дін мен шариғаттың үкімдерін орындауды революцияның түбегейлі принциптері деп атап: "Бүгінде ИИР-да ешкім үкіметке қарсы көзқарасқа ие болғаны үшін қудаланып, қысымға алынбайды. Мұндай іс көзделмейді де. Алайда әлемнің басқа жерлеріндегі сияқты ИИР-дағы азаттықтың белгілі бір шеңбері бар",-деді.

Адам құқығын бір адамның жеке көзқарасы негізінде бір қоғамға таңуға болмайды. Әрбір мәдениет пен тағылымдар негізіндегі рәсімдер,мәдени-әлеуметтік құрылымдар, дін мен мазхаб адам құқығына сипаттама береді. Қоғамның әрбір мүшесі оны ұстануы тиіс. Өкінішке орай, күн сайын әлемнің әртүрлі жерінде адам құқығын ашық түрде бұзумен қайталанып жатқан ащы оқиғалардың көбі адам құқығы мәселесінде саяси мақсаттардың жасырын жатуы салдарынан туындап отыр.