АҚШ Ауғанстанға әскерилерін жіберді
АҚШ лаңкестік және есірткі контрабандасымен күресті сылтауратып Ауғанстанға тағы да мың әскериін жіберді.
Ауғанстанның ақпарат құралдары сенбі күні АҚШ-тың жаңадан жіберілген мың әскериінің Ауғанстанның түрлі аймақтарындағы әскери базаларға орналастырылғанын хабарлады.
АҚШ-тың әскерилерін Ауғанстанға жіберуімен бұл елдегі америкалық әскери күштердің саны 16 000 адамнан асты.
Ауғанстан халқының басым бөлігі мен басшыларының пікірі бойынша, лаңкестікпен күрес сылтауымен шетелдік және НАТО-ға мүше елдер әскерилерінің бұл елде орналасуы қазіргі таңға дейін Ауғанстанның мыңдаған бейбіт тұрғынының қаза болуы мен инфрақұрылымдардың қиратылуынан басқа еш нәтиже бермей, елдегі тынышсыздықтар күн сайын артуда.