АҚШ Ауғанстанға әскерилерін жіберді
https://itolqyn.com/news/world-i35846-АҚШ_Ауғанстанға_әскерилерін_жіберді
АҚШ лаңкестік және есірткі контрабандасымен күресті сылтауратып Ауғанстанға тағы да мың әскериін жіберді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 31, 2018 20:43 Asia/Almaty
  • АҚШ Ауғанстанға әскерилерін жіберді

АҚШ лаңкестік және есірткі контрабандасымен күресті сылтауратып Ауғанстанға тағы да мың әскериін жіберді.

Ауғанстанның ақпарат құралдары сенбі күні АҚШ-тың жаңадан жіберілген мың әскериінің Ауғанстанның түрлі аймақтарындағы әскери базаларға орналастырылғанын хабарлады.

АҚШ-тың әскерилерін Ауғанстанға жіберуімен бұл елдегі америкалық әскери күштердің саны 16 000 адамнан асты.

Ауғанстан халқының басым бөлігі мен басшыларының пікірі бойынша, лаңкестікпен күрес сылтауымен шетелдік және НАТО-ға мүше елдер әскерилерінің бұл елде орналасуы қазіргі таңға дейін Ауғанстанның мыңдаған бейбіт тұрғынының қаза болуы мен инфрақұрылымдардың қиратылуынан басқа еш нәтиже бермей, елдегі тынышсыздықтар күн сайын артуда.