АҚШ-тың бүлдіргі әрекеттері бағытындағы "Ортақ қадам" келісімінің тағдырын сараптау
АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли Иранға қарсы негізсіз уәждерін тағы қайталап, Вашингтонның ядролық келісімге қатысты қарсылығын баса айтты.
Хейли Дьюк университетіндегі "Әлемді басқарудағы қиындықтар" атты конференцияда сөйлеген сөзінде Дональд Трамп басқарып отырған АҚШ үкіметінің "Ортақ қадам" келісімі үшін қиындық тудырғанын мақтан тұтып: "Біз еуропалық одақтастарымызбен "Ортақ қадам" бағдарламасына өзгеріс енгізу және "Иранның аймақтық деңгейде лаңкестікті қолдағаны" үшін оған жауап қайтару мақсатында бірлесе жұмыс жасап жатырмыз.
Еуропалықтар бұл келісімді өздері үшін сақтай алады, бірақ АҚШ-қа қоқан-лоққы жасау санкциялардың қайта күшіне енуіне ұласуы мүмкін",- деді.
Бұл сөздер Федерика Могерини мен Жапонияның СІМ Таро Коно жұма күні телефон арқылы сұхбатта барлық тараптар Иранмен жасаған ядролық келісімге берік болуы және оны жүзеге асыру қажеттігін қуаттаған жағдайда айтылды.
Еуропа одағы "Ортақ қадам" келісімінің күшін жоюдың барлық тараптар үшін зиян келтіріп, ешкімге пайда әкелмейтінін айтты. "Ортақ қадам" келісімін жасаған тараптардың ұстанымдары мен Трамптың көзқарасы арасында айтарлықтай алшақтық бар. Мәскеу мен Бейжің де ядролық келісімді қайта қарастыру үшін жасалып жатқан талпыныстарға қарсы.
Трамп қаңтар айында АҚШ Конргесінің өкілдері мен Еуропа үкіметтеріне мамырдың он екісі күні санкцияларды күшіне енгізуді тағы кейінге қалдыру сәтті келіп жеткенге дейін АҚШ-тың айтуы бойынша "Ортақ қадамның" "кемшіліктерін" түзету үшін шара қолдануға мұрсат берді. Кері жағдайда, АҚШ ядролық келісімнен шығады.
АҚШ-тың демократиялық партиясының сенаторы Крис Мерфи Дональд Трамптың Fox News телеранасының бағдарламасында Иранға қарсы айтқан сөздері жайлы: "Иран ядролық келісіміне табандылық танытып келеді. Сондықтан бұл келісімді қайта қарастыру үшін келіссөз өткізудің мүмкіндігі жоқ",- деді.
Иран "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша әуел бастан сенімді тарап болды. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің "Ортақ қадам" келісімінің жүзеге асырылу үдерісі жайлы жарялаған он есебі осы мәселені растап отыр.
Осындай жағдайда АҚШ "Ортақ қадам" келісімін біржақты бұзу арқылы көбірек пайдадан айрылады. Сол себепті Трамп өз ұстанымын сақтап, уақыттан ұтып, "Ортақ қадамның" басқа тараптарынан ұпай алуды көздеуі ықтимал.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілінің сөздері Вашингтонның осындай бағыт тудыру арқылы екі негізгі қиындыққа ұшырайтынын көрсетіп отыр: біріншісі, АҚШ-пен бір келісімге келмей, оның ақылға сыймайтын саясаттарын қолдамау және оның халықаралық қауымдастықта жалғыз қалуы болса, екіншісі Иранның кез келген дұшпандық әрекетіне жауап қайтаратын қабілетке иелігі мен АҚШ-тың қысымдары мен қоқан-лоққыларының алдында шегінбеуі саналады.
Халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы Хосейн Кашани бұл жайында: "Тіпті АҚШ ядролық келісімнен шыққан жағдайда да, бұл ел халықаралық заңдар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын жүзеге асыруға міндетті.
Шын мәнінде, "Ортақ қадам" БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарының А қосымшасы саналады. Халықаралық заңға сәйкес, бұл қосымша осы қарардың ажырамас бөлігі ".
Осылайша Трамп өткен бір жылдың ішінде халықаралық міндеттемелерге берік болу тұрғысынан тосын қылық танытты. "Ортақ қадам" келісімі де бұл ережеден тысқары болмауы мүмкін.