Могерини: Еуропа Иранға жаңадан санкция салмайды
https://itolqyn.com/news/world-i36236
Еуропа Одағының Сыртқы саясат басшысы осы одаққа мүше елдердің СІМ-нің отырысының алдында тілшілерге берген сұхбатта Иранға қарсы жаңадан санкция салу туралы қауесеттерді теріске шығарды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 16, 2018 22:33 Asia/Almaty
  • Могерини: Еуропа Иранға жаңадан санкция салмайды

Еуропа Одағының Сыртқы саясат басшысы осы одаққа мүше елдердің СІМ-нің отырысының алдында тілшілерге берген сұхбатта Иранға қарсы жаңадан санкция салу туралы қауесеттерді теріске шығарды.

Politico интернеттік хабар торабының мәліметіне сәйкес, Еуропа Одағының Сыртқы саясат басшысы Федерика Могерини бүгін дүйсенбі күні Люксембургте тілшілерге берген сұхбатта Иранға қарсы жаңадан санкция салу туралы шешім қабылданатынын күтпеуді ескертіп, Иранның ядролық келісіміне толық қолдаудың көрсетілетінін күтуді сұрады.

Еуропа Одағының Сыртқы саясат басшысы Еуропа үшін «Ортақ қадам» келісімін сақтап қалудың өте маңызды екенін, одаққа мүше елдердің СІМ-нің Люксембургте «Ортақ қадам» келісімін жүзеге асырудағы міндеттерін толығымен орындайтындықтарын қуаттайтынын, Иранның ядролық міндеттеріне толығымен берік болғанын, АҚХА-нің де өзінің барлық есебінде оны растағанын баса айтты.