Сирияның әуе қорғаныс жүйелері батыстықтардың 71 зымыранын құлатты
Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Сирияның әуе қорғаныс жүйелерінің бұл елге қарай атылған 103 зымыранның 71-ін жарып жібергенін хабарлады.
Русия ал-Яум телеарнасының мәліметі бойынша, генерал Игорь Конашенков дүйсенбі күні батыстықтардың үшжақты әскери шабуылының егжей-тегжейін баяндаған баспасөз отырысында: "Сирияның әуе қорғаныс жүйелері өз елінің жерін жақсы қорғап, 71 баллистикалық қанатты зымыранды Сирияның әуе кеңістігінде жарды. "Панцирь" қорғаныс жүйесі 23, "Бук" жүйесі 23, "Сом" 8, "Усто" 11, "Квадрат" 14 зымыранды анықтап, жарды",- деді. Сирия Президенті Башар Асад: "Сирияның әуе жүйелері АҚШ-тың шабуылында өздерін жақсы көрсетті. Сирия азаматтары Батыстың әскери тұрғыдан араласу ықтималынан қорықпайды",- деді.