Миллиондаған йемендік аштыққа душар болды
БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі сейсенбі күні Йемен мәселесіне қатысты Қауіпсіздік кеңесінің отырысында бұл елдің жағдайын апатты деп атап, миллиондаған йемендіктің аштыққа душар болып отырғанын мәлімдеді.
ИРНА-ның мәліметіне сәйкес, Василий Небензя гуманитарлық көмектердің Йемен халқына жылдам жеткізілуі қажеттігін қуаттаған.
БҰҰ-дағы Ресей өкілі Йеменнің инфрақұрылымдарының қиратылуына тоқталып: "Бұл елдің халқы әртүрлі, соның ішінде тырысқақ ауруына шалдығуда",- деп ескертті.
Сауд Арабиясы шабуылдарының жалғасуымен Йеменнің инфарқұрылымдары, сумен жабдықтайтын құралдары қирап, тырысқақ ауруы жылдам таралуда. Сауд Арабиясы мен одақтастарының соғысқұмарлығы осы кезге дейін 4000-нан астам йемендіктің қаза болуына, оңдаған мың азаматтың жарақат алуына, миллиондаған йемендіктің босқынға айналуына себеп болды.