Меркель: "Ортақ қадам" толық келісім емес
Жақын арада АҚШ президенті Дональд Трамппен сұхбаттасу үшін Вашингтонға ресми сапармен баратын Германия канцлері жексенбі күні сионистік режимнің 10 арнасына берген сұхбатында "Ортақ қадамның" толық келісім еместігін, бірақ оның болмағанынан болғанын артық санайтынын мәлімдеді.
Al Alam арнасының мәліметі бойынша, Ангела Меркель АҚШ пен сионистік режимге жағымпаздану мақсатында Иранның тек "Ортақ қадам" бағдарламасына беріктігінің Иранның аймақтағы рөлі мен қорғаныстық зымырандық бағдарламасына қатысты алаңдаушылықтары деп атаған барлық мәселелерді шешпейтінін айтты.
Алайда Франция президенті Эммануэль Макрон жексенбі күні АҚШ-тың Fox News арнасына берген сұхбатында: "Иранмен ядролық келісімнің орнын басатын бағдарлама жоқ, әрі одан жақсырақ таңдау да жоқ. Сондықтан, АҚШ бұл келісімнен шықпауы тиіс",- деп айтқан болатын.
Антониу Гутерриш те Швециядағы Даг Хаммаршёльд атындағы қорда "Ортақ қадам" бағдарламасын әлемдік қауымдастықтың жетістігі деп атап: "Бұл халықаралық келісім әлемдегі тұрақтылықты сақтау үшін қажет",- деді.
Гутерриш мұның алдында да бірнеше рет "Ортақ қадам" келісімін сақтау қажеттігін қуаттаған болатын.