Зариф: Франция мен Германия басшыларының Трампқа жағдайды түсіндіре алатындығына үміттенеміз
Иран Сыртқы істер министрі Франция мен Германия басшыларының Вашингтонға сапарына тоқталып: «Қазіргі қалыптағы ядролық келісім АҚШ пен халықаралық қауымдастықтың мүдделеріне сай»,-деді.
Франция Президенті Эммануэль Макрон сейсенбі күні, ал Германия Канцлері Ангела Меркель жұма күні, 27 сәуірде Вашингтонда АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездеседі деп жоспарланған.
Сыртқы саясат кеңесінің отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке барып, NPR радиосына сұхбат берген Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: «Президент Макрон мен содан кейін Канцлер Меркельлдің өздерінің АҚШ сапарларын пайдаланып, Трампқа ядролық келісімнің қазіргі қалыпта АҚШ пен халықаралық қауымдастықтың мүдделеріне сай екенін түсіндіретіндігіне үміттенеміз»,-деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамптың осы елдің Конгресі бекіткен заң бойына 2018 жылдың 12 мамырында Иранға қарсы ядролық санкцияларды тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайтын мүмкіндігі бар. «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасының өзгертілуін қалайтын Трамп келісімге өзгеріс енгізілмеген жағдайда АҚШ-тың одан шығатынын ескертті.