АҚШ пен Францияның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы ортақ және қайшы пікірлері
(last modified Wed, 25 Apr 2018 11:15:56 GMT )
Сәу 25, 2018 17:15 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Францияның

АҚШ пен Франция Президенттері Дональд Трамп пен Эммануэль Макрон Ақ үйде өткен ортақ баспасөз отырысында екіжақты қарым-қатынастары мен әлемнің маңызды өзгерістері туралы пікірлесті.

АҚШ пен Франция Президенттерінің келіссөздері мен сұхбаттарының үлкен бөлімі Иранның ядролық мәселеге қатысты келісіміне, яғни "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына арналды. Бұл баспасөз отырысында Трамп қайтадан Иранның ядролық келісіміне шабуыл жасап, оның қабылдауға келмейтін келісім деп атады. Франция Президенті журналистердің алдында Иранның зымырандық бағдарламасы мен аймақтағы белсенділігіне қатысты америкалық әріптесімен ортақ пікірге иек екенін қуаттап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты Трамппен келіспейтінін айтты.

Эммануэль Макрон Дональд Трампқа: "Сіз дәл осы қазір сайлау науқаны кезіндегі Иран туралы ұстанымызды қайталадыңыз. Алайда, бұл мәселеге қатысты екеуіміздің ұстанымдарымыз әртүрлі",- деді.

Франция Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу қажеттігін тағы қуаттап: "Сіз "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын  жаман келісім деп санайсыз. Мен бірнеше айдан бері бұл келісімнің толыққанды келісім екендігін айтып келемін",- деді.

АҚШ пен Франция Президенттерінің Ақ үйдегі сөздері бұл екі саяси-экономикалық одақтастың Иран мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының келешегі және Ауғанстандағы шешілмеген мәселелерге қатысты  ортақ ұстанымдарға ие екендігін көрсетті. Мәселен, екі мемлекет Иранның зымырандық бағдарламасына алаңдайтындықтарын жариялады.  Негізінде Иранның әскери доктринасында зымырандардың мақсаты дұшпанның шабуылының алдын алу. Сондықтан, олардың аймақ пен аймақтың сыртындағы мемлекеттерге қатері жоқ. ИИР аймақпен бірге АҚШ пен Еуропаға қоқан-лоққы тудырған ДАИШ лаңкестік тобына қарсы өзінің зымырандық әлеуетін пайдаланды.   Сондай-ақ, Иран қарулы күштерінің елдің шекарасының сыртындағы  Сирия мен Ирак сынды елдердегі белсенділігі бұл екі елдің заңды үкіметтерінің шақыруымен орын алуда. Ирандық көмек болмағанда, Ирак пен Сирияның қалалары бірінен соң бірі ДАИШ лаңкестерінің қолына түсетін еді.   

АҚШ қаржылай және экономикалық пайдасын көру үшін аймақтың бай  үкіметтеріне қару сатып, Ираннан үркіту саясатын жүргізіп, Иранды басқаларға қоқан-лоққы көрсететін мемлекет ретінде таныстыруда. Франциялықтар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сылтауратып, Трамптың сөзіне қосылып, аймақтың кейбір мемлекеттерінің қымбат қару сатып алу туралы сұраныстарын өз елінің қару шығаратын компанияларына үлес алу үшін пайдаланбақ деген ой туады.

Қалай болғанда да, Трамп үкіметінің Иран мен бұл елдің ядролық келісіміне қарсы дұшпандық ұстанымын қолдау "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына көмек көрсетпеуімен қатар Иран мен Францияның қарым-қатынасына қатты соққы тигізеді.

 

 

Тегтер