Америкалықтар Трамптың көші-қонға қатысты жарлықтарына қарсы шеру ұйымдастырды
АҚШ президентінің мигранттарға қарсы саясаттарына наразылық білдірушілер бұл елдің Жоғары сот ғимаратының алдында шеру ұйымдастырды.
АҚШ Жоғары сотының 9 судьясының отырысында Дональд Трамптың алты мұсылман елінің азаматтарына АҚШ-қа келуіне тыйым салатын заңның үшінші нұсқасын талқылаумен бір мезгілде жүздеген америкалық Жоғары сот ғимаратының алдында жиналып, шеру ұйымдастырған.
Америкалық шерушілер "Мұсылмандарға тыйым салуға жол жоқ! Мұсылмандарға тыйым салу – діни кемсітушілік! Мұсылмандарға қарсы дұшпандыққа жол жоқ! Исламнан үркітуге жол жоқ!" деген мата жазбаларын қолдарына алып, ұрандатып, Трамптың мигранттарға қарсы саясаттарына наразылық білдірді.
Бірінші нұсқасымен айырмашлығы бар Трамптың көші-қонға қатысты саясатының үшінші нұсқасы Иран, Сирия, Йемен, Ливия, Сомали және Чад елдерінің азаматтарын нысанаға алған.